22 қаңтар 2014 12:28

Кассалық аппарат орнату мерзімі шегерілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©REUTERS Фото ©REUTERS

Қаржы министрлігі кассалық аппараттар орнату мерзімін 2014 жылдың 1 қаңтарынан 1-шілдесіне дейін ұзартуды ұйғарып отыр деп хабарлайды Tengrinews.kz. 2013 жылдың басында елімізде көлеңкелі табыс пен жемқорлыққа тосқауыл қою мақсатында барлық сауда-саттық орындарына POS-терминалдар орнату міндеттелген еді. Ол үшін арнайы "Төлемдер мен ақша аударымдары туралы" Заңға өзгертулер де енгізілген болатын. Дегенмен, сол уақыттан бері бір жылдың көлемі өтсе де банктер қысқа мерзім ішінде кәсіпорындардың өтінімдері бойынша жабдықты ұсынуға дайын болмай отыр. Ел тұрғындарының да басым бөлігі төлем карточкалары арқылы сауда-саттық жасауға бейімделе қоймады. Жалпы, POS-терминалдар орнатуға қатысты заңға енгізілген өзгертулерге сәйкес талапты орындамаған жағдайда жеке кәсіпкерлерге 40 айлық есептік көрсеткіш (69240 теңге), ал шағын және орта бизнеспен айналысатын заңды тұлғаларға 60 айлық есептік көрсеткіш (103860 теңге) көлемінде айыппұл салу көзделген-ді. Алайда еліміздің Тәуелсіз кәсіпккерлер қауымдастығы мен "Атамекен" ұлттық-экономикалық палатасының өкілдері терминалдармен қамтылмаған сауда орындары жетіп-артылатындықтан "бұл шараға мароторий жариялау керек" деп есептейді. Олардың айтуларынша, әсіресе, ауылшаруашылық өнімдерін өндірушілер мен жайма базарларда жұмыс істейтін саудагерлерге мұндай мароторий аса қажет. Себебі, бүгінде елімізде шағын және орта бизнеске жататын 1 млн. 400 мың кәсіпорын тіркелген болса, оның ішінде 700 мыңнан астам кәсіпорын ғана іс жүзінде жұмыс жасайды. Ал осы уақытқа дейін 40 мың POS-терминал орнатылған. Олардың әрбірінің құны орта есеппен алғанда 400 доллар тұрады. Бұған қатысты мамандар "қазір елде 40 мың ғана терминал құрылып, төлем карточкалары 13 462 сауда нүктелерінде ғана қабылданады. Қалған кәсіпкерлерді бұл аппаратпен қалайша қамтымақпыз? Сондықтан бұл жүйеге мароторий жариялаған дұрыс" дейді. Керек-дерек... POS-терминал – төлем карточкасынан ақпарат оқитын құрылғы. Эквайринг – пластик карточканың көмегімен жасалатын операциялар бойынша сауда және сервистік кәсіпорындармен есеп-айырысуды жүзеге асыру. Банк-эквайер – төлем карточкалары бойынша есеп-айырысуды жүзеге асыратын банк. POS-терминал құрылғысын орнату үшін өтінішті кез келген банктің филиалына барып, карточка өнімдерін сату бөлімшесінде ресімдеуге болады. POS-терминалды орнатып, қосу үшін кез келген екінші деңгейлі қазақстандық банктен ашылған есеп-айырысу шоты болуы міндетті. POS-терминалдарды орнату және қызмет көрсету шарттары банктердің бәрінде шамамен бірдей.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети