26 ақпан 2021 18:39

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия президентін туған күнімен құттықтады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанды туған күнімен құттықтап, түрік халқының игілігі жолындағы аса жауапты мемлекеттік қызметіне табыс тіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанды туған күнімен құттықтап, түрік халқының игілігі жолындағы аса жауапты мемлекеттік қызметіне табыс тіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

"Сіздің пәрменді көшбасшылығыңыз бен саралы саясатыңыздың арқасында Түркия тұрақты дамуын жалғастырып, азаматтарының ырыс-берекесі еселеніп, ықпалды аймақтық және халықаралық актор ретінде мерейі үстем болып, мол табыстарға қол жеткізді. Осы тұста, еліңіздің тың белестерді бағындыруына бағытталған маңызды бастамаларыңыз бен жоспарларыңыздың лайым орындалуына тілектеспін", – делінген жеделхатта.

Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайип Ердоғанның екі ел арасындағы бауырластық рухындағы ынтымақтастықтың жылдан-жылға өркендеуіне, стратегиялық әріптестік аясының кеңеюіне қосқан үлесін өте жоғары бағалады.

"Биік деңгейдегі мазмұнды диалог пен екіжақты қарым-қатынастарды халықымыздың игілігі үшін нығайта түсуге, мемлекеттеріміз мүдделік танытатын күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылау үшін өзіңізбен Қазақстанда жүздесетініме үміт артамын", – деп жазылған Қазақстан Президенті құттықтауында.

Мемлекет басшысы Түркия Президентіне қажымас қайрат, зор бақыт, ал түрік халқына бақ-береке тіледі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети