Қасымов Кемероводағы төтенше жағдайдан кейін елде жүргізілген тексерістің қорытындысын айтты

12 Қараша 2018, 12:02
0
Қасымов Кемероводағы төтенше жағдайдан кейін елде жүргізілген тексерістің қорытындысын айтты - © РИА Новости
© РИА Новости

Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов Кемероводағы төтенше жағдайдан кейін Қазақстанның сауда орталықтарында жүргізілген тексерістің қорытындысын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Кемероводағы "Зимняя вишня" сауда орталығында болған төтенше жағдай өрт қауіпсіздігі талаптарын елемеудің салдары қаншалықты ауыр болатынын көрсетті. Кемеровада болған жағдайдан кейін біз еліміздегі бүкіл сауда орталығында тексеріс жүргіздік. Үш айда 1 240 сауда орны тексерілді, 15 000-нан аса ережебұзушылық анықталды", - деді Қасымов үкімет сағаты барысында.

Министрдің айтуынша, ережебұзушылықтардың басым бөлігі - өрт дабылын автоматтау жүйесіндегі ақаулар, сауда орындарының рұқсат етілмеген жерлерде орналасуы және бірнеше нысанда апат жағдайлардан шығатын жолдардың жабық болуы.

ТЖК өкілдері Алматы мен Астана қалаларындағы ережебұзушылықтар анықталған сауда орталықтарының толық тізімін жасады.

"1 220 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оларға 19 миллион теңгеден аса айыппұл салынды. 776 нысандағы ережебұзушылықтар толықтай көлемде жойылды. Өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамаған 138 нысанның материалдары сотқа жолданды", - деді Қасымов.

Еске сала кетейік, биыл наурыз айында Кемеровадағы сауда орталығында өрт шығып, 64 адам қаза тапқан еді. Олардың 41-і - балалар.

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай