08 сәуір 2014 10:16

Қатты жел еліміздегі төрт облыста 15 ғимаратты зақымдады

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Tengrinews.kz ©Tengrinews.kz

Ел аумағында қатты желдің соғуынан төрт облыста 15 ғимарат зақымданды. Табиғаттың тосын мінезі Алматы, Шығыс Қазақстан, Қарағанды және Павлодар облысы аумағында байқалды деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Ел аумағында қатты желдің соғуынан төрт облыста 15 ғимарат зақымданды. Табиғаттың тосын мінезі Алматы, Шығыс Қазақстан, Қарағанды және Павлодар облысы аумағында байқалды деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Атап айтқанда, қатты желден Қапшағай қаласында орналасқан ҚР ІІМ-нің 7552 әскери бөлімшесіндегі №2 штаб батальоны ғимараты мен № 1 тексеру пункттіне екі алып терек құлап, жалпы көлемі 409 шаршы метрге тең шатыр зақымданған. Құрбан болғандар немесе зардап шеккендер жоқ. Күшті жел Талдықорғандағы Ломоносов атындағы № 5 орта мектептің шатырын жұлып әкеткен. Салдарынан 10 жастағы ұл бала жарақаттанып, ауруханаға жеткізілді. Соққан жел сондай-ақ, осы қаладағы "Орман шаруашылығы" ММ ормандағы өртті сөндіру шеберханасы ғимаратына, бесқабатты үш үйге, ТЖС ғимаратына материалдық шығын келтірген. Одан бөлек құлаған алып терек бір жер үйді зақымдаған. Қатты жел Еңбекшіқазақ ауданындағы Саттаров атындағы орта мектептің 80 шаршы метр шатырын көтеріп әкеткен. Ескелді ауданында екі ағаш электр бағанасына құлағандықтан 40 жеке үй жарықсыз қалды.

Шығыс Қазақстан облысына келер болсақ, ол аймақтағы Абай ауданы Тоқтамыс ауылындағы Молдағалиева атындағы орта мектептің 51 шаршы метр шатыры жарамсыз болып қалса, Қарағанды облысындағы Сенокосное ауылындағы № 29 орта мектептің 30, ал ауылдық әкімдіктің 100 шаршы метр шатырын жұлып кеткен. Желден Павлодар облысына да материалдық шығын келген. Нақтырақ айтқанда, жел Павлодар қаласында бір балабақшаға, Ақтоғай ауданындағы білім беру басқармасы мен "Қазпошта" АҚ филиал ғимаратына, Павлодар ауданындағы Новочерноярка ауылындағы жеке үйге, Табалжан ауылындағы орта мектепке материалдық шығын келтірген.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети