19 наурыз 2014 18:11

Қауіпсіздік мәселесі басты назарда болуы тиіс - Азамат Әбілдаев

ПОДЕЛИТЬСЯ

Азамат Әбілдаев. ©Нұрғиса Елеубеков Азамат Әбілдаев. ©Нұрғиса Елеубеков

Ақжолдық депутат елімізде қауіпсіздік шарасын күшейтіп, лаңкестіктің алдын алуға шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Мәжіліс депутаты Азамат Әбілдаевқа сілтеме жасап. Мәжіліс депутаты бүгін Үкіметке жолдаған сауалында жаһанды дүрліктірген лаңкестік мәселе бойынша Қазақстан да тиісті қадамға баруы керектігін мәлімдеді. Оның айтуынша, күн сайын әлемде болып жататын жарылысты болдырмас үшін тиісті шараларды қолға алу керек. "Сочи Олимпиадасы қарсаңында Ресейдің Волгоград қаласында болған лаңкестік оқиға мен таяуда ғана Малайзияның жолаушылар ұшағының жоғалып кетуі қауіпсіздік шараларының нығайтуға итермелейді. Көптеген мемлекеттерде қауіпсіздік жұмыстары жоғары деңгейде атқарылып, адамдар көп жиналатын жерлерде қатаң тексеруден өтеді. Осыдан басқа әуежайда, сауда орталықтары мен демалыс орындарында темір іздейтін құралдар орнатылған. Олар жолаушылардың қандай зат әкеле жатқанын алыстан анықтайды. Бүгінде стратегриялық нысандар түгіл ойын-сауық саласындағы жеке кәсіпкерлер өздерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін күзет фирмаларымен тиісті келісім-шарт жасасып, темір іздейтін құрылғылармен демалыс орындарын жабдықтауда. Халық көп жүретін ойын-сауық орындары, сондай-ақ вокзал мен әуежай секілді нысандарда қауіпсіздікті бақылауға алу мәселесі өте өзекті болып отыр", - деді Азамат Әбілдаев Үкіметке жолдаған сауалында. "Ақжол" фракциясының мүшесі таяуда Парламентте талқыланған ҚР Ішкі істер органдарына қатысты заң жобасын қарау барысында аталған салаға қаржы бөлуге қатысты Үкіметтен оң қорытынды күткендігін айтады. Алайда ол тараптан қаржы тапшылығы себеп болып отырғандығы туралы жауап келген. "Соңғы кездері түрлі жарылыста орын алған адам өлімін қалыпты құбылыс ретінде қабылдап, "қаржы жоқ" деген желеумен еш шара қолданбайтын болсақ, ақшаны қайда жұмсаймыз? Оның үстіне ел беделін көтерін ЕКСПО-2017 көрмесі келе жатыр. Оның жұмысына әлемнің әр түкпірінен қаншама адам ағылмақ. Осы жағдайда лаңкестік мәселесі назардан тыс қалмауы керек. Қазіргі жағдайда лаңкестіктің алдын алуда қаржы бөліп, Ішкі істер министрлігі вокзал және әуежай секілді халық көп жүретін жерлерді күзету үшін қосымша штат санын бөлуі керек", - дейді ол.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети