18 мамыр 2018 12:56

Қайрат Жамалиев жазасын VIP-камерада өтеп жатыр деген қауесет жоққа шығарылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Қайрат Жамалиев жазасын VIP-камерада өтеп жатыр деген мәліметтер таралған соң ЛА-155/14 мекемесінің басшылығына қатысты қозғалған қылмыстық іс тоқтатылды. Бұл туралы Алматы облыстық прокуратурасының Tengrinews.kz тілшісі жолдаған ресми сауалға берген жауабында айтылады.


Қайрат Жамалиев жазасын VIP-камерада өтеп жатыр деген мәліметтер таралған соң ЛА-155/14 мекемесінің басшылығына қатысты қозғалған қылмыстық іс тоқтатылды. Бұл туралы Алматы облыстық прокуратурасының Tengrinews.kz тілшісі жолдаған ресми сауалға берген жауабында айтылады.

"2018 жылдың 2 ақпанында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері жүргізген сотқа дейінгі тергеу қорытындысына сәйкес, жасалған әрекетте қылмыстық құқықбұзушылық құрамы болмағандықтан, ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабының 1-бөлігі 2-тармағы негізінде қылмыстық іс тоқтатылды", - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Сондай-ақ, прокуратура мәліметінше, лауазымды тұлғалар жазаланды.

Еске сала кетейік, осыған дейін министрлік Қайрат Жамалиев VIP-камерада жатыр деген қауесетті тексерген болатын. "Алматы облысының прокуратурасы "Время" газетінде жазылған ақпараттың растығын тексеру мақсатында 31 тамызда сағат 00:35-те мекемеге толық тексеріс жасады. Тексеріс қорытындысы газетте айтылған VIP-камералар туралы ақпарат расталмады", - деген еді ҚР ІІМ-нің Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Сәдубаев.

2015 жылдың 24 сәуірінде Астана тұрғыны Нұрлан Жұмағұлов әлеуметтік желіге өзінің ұлы Әлібидің аяусыз ұрып соғылғаны, бұл іске кәсіпкер Қайрат Жамалиевтің қатысы болуы мүмкін екені туралы ақпарат жариялады. Оның айтуынша, 21 сәуірде ұлы Әліби Жұмағұлов үйден жарты сағатқа жұмыстарымен шығып кеткен. Түнгі уақытта Әлібидің досы қоңырау шалып, жас жігіттің ауыр жағдайда ауруханада жатқанын хабарлаған. Жамалиев қамауға алынды. Сот оған тергеу амалдары біткенше екі ай мерзімде қамауда ұстау қаулысын шығарды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети