04 ақпан 2016 11:29

Қайрат Жамалиев жазасын Алматы облысындағы колонияда өтеп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Қайрат Жамалиев жазасын Алматы облысындағы колонияда өтеп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қайрат Жамалиев жазасын Алматы облысындағы колонияда өтеп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әліби Жұмағұловты ұрып-соғу туралы атышулы іс бойынша 2015 жылдың тамызында сотталған бизнесмен Қайрат Жамалиев Алматы облысындағы Заречный ауылында орналасқан ЛА-155/8 мекемесіне ауыстырылды. Мұндай мәліметті Астана қаласының сотының баспасөз қызметі Tengrinews.kz редакциясының ресми сауалына берген жауабында хабарлады.

"Әліби ісінің" басқа фигуранттары Арман Әбілтаев пен Анатолий Прибытков болса Ақмола облысындағы Атбасар ауылында орналасқан "ЛА-155/8 мекемесі" республикалық мемлекеттік мекемесінде өтеп жатыр. Айта кетейік, сотталғандар осыған дейін соттың шешіміне шағым түсірген еді. Алайда Астана сотының апелляция алқасы істі қайта қарау туралы өтінішті қанағаттандырмады.

Еске салайық, Астананың белгілі кәсіпкері Қайрат Жамалиев 13 жылға сотталған болатын. Арман Әбілтаев 12 жылға бас бостандығынан айырылды, ол жазасын қатаң режимдегі колонияда өтейді. Ал Анатолий Прибытков қатаң режимдегі колонияға 8 жылға бас бостандығынан айырылған еді. Екеуінің де мүлкі тәркіленді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети