22 сәуір 2018 | 09:56

Қайырымдылық "Алматы Марафоны - 2018" - Шолу

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

12.21 Vesti.kz порталының спорт журналистері 42 шақырымды бағындырды. Шарада Tengrinews.kz және Massaget.kz өкілдері де ерекше көзге түсті.


Иконка комментария блок соц сети

12.21 Vesti.kz порталының спорт журналистері 42 шақырымды бағындырды. Шарада Tengrinews.kz және Massaget.kz өкілдері де ерекше көзге түсті.

11.35 10 шақырым дистанцияның жеңімпазы анықталды
1-орын Мәдина Керімова

10.58 "Алматы Марафоны" қатысушысы сүйіктісіне үйлену туралы ұсыныс жасады. Вадим мен Диана бұл шараға бірінші рет қатысып тұрған жоқ. Екеуі де 10 шақырымды жүгіріп өтті.

 

10.07 Ауғанстаннан келген қонақ - Замир Замирудинов. "Алматы Марафонына" қатысу үшін Қазақстанға осымен екінші рет келген. 21 шақырымды жүгіріп өтті.

10.03 Бүлдіршіндерді марапаттау рәсімі

09.48 "Алматы Марафонына" қатысу үшін арнайы киім сатып алу міндетті емес. Мұны Диас Күнтуаров дәлелдеді. Ол үстіндегі костюмімен 21 шақырымды жүгіріп өтті. 

09.43. Спорт жасқа қарамайды

09.38. Мұнда шахмат ойнауға да болады

09.26 21 шақырымды бірінші болып жүгіріп өткен - Ислам Аманқос. Екінші - Ержан Жанарыстанов. 

09.10 10 шақырым артта қалды

Кейтлин Роббинс АҚШ-тың Калифорния штатынан келген. Алматы Марафонына алғаш рет қатысуы. Ол ҚазҰУ студенті.

08.57 Балалар марапатталды

08.55 "Алматы Марафонының" тұрақты қатысушысы - Максим Виноградов

08.46 "Алматы Марафоны" қыза түсті

08.45 Ең жас марафоншылар мәреге жетті

08.41 "Алматы Марафонының" медальдары

08.25 10 шақырымға жүгіру басталды

08.10 "Элита", "Марафон", "Экиден", "Жартылай марафон" дистанцияларына жүгіру басталды

08.09 Майя Манеза екі жыл қатарынан 10 шақырымға жүгірді

08.05 Қала әкімі Бауыржан Байбек шараның басталуымен құттықтады

08.04 Шара басталуға жақын

07.50 Бірінші старт берілді

 

07.45 

Бүгін Алматыда қайырымдылық "Алматы Марафоны - 2018" өтеді, оған 14 мыңнан аса адам қатысады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Шараға қатысатындар арасында 38 елдің өкілі бар.

Алматы Марафоны – бұл жыл сайын өтетін халықаралық жүгіру жарысы, Орталық Азиядағы ең ауқымды спорттық іс-шара.

Бастау жарнасы:

Марафон (42 км 195 м) – 5000 теңге;
Жартылай марафон (21 км) – 4000 теңге;
10 км қашықтық – 4000 теңге;
Скандинавиялық жүріс - 4000 теңге;
Балалар қашықтығы - 3000 теңге;
Экиден (эстафета) – бір команда үшін 120 000 теңге.

Қашықтықтар:

Марафон (42 км 195 м) 18 және одан жоғары жастағы қатысушылар үшін;
Жартылай марафон (21 км 97.5 м) 18 және одан жоғары жастағы қатысушылар үшін;
10 км қашықтық 15 және одан жоғары жастағы қатысушылар үшін;
Скандинавиялық жүріс (10 км) 15 және одан жоғары жастағы қатысушылар үшін;
Балалар қашықтығы (3 км) 10 жастан 14 жасқа дейінгі қатысушылар үшін;
Экиден корпоративтік эстафетасы (42 км 195 м) 16 және одан жоғары жастағы 6 адамнан құралатын командалар үшін.

Бастау уақыты:

07:50 – Балалар қашықтығы (3 км)

08:10 – Дегдарлар (42 км 195 м)
08:10 – Марафон (42 км 195 м)

08:10 – Экиден (42 км 195 м)
08:10 – Жартылай марафон (21 км 97.5 м)
08:25 – 10 км қашықтық
08:25 – Скандинавиялық жүріс (10 км)

Бастау және аяқтау орны: Алматы қаласы, Республика алаңы.

Мәрешілердің барлығы Алматы Марафоны 2018 естелік медалімен марапатталады. Қатысушыларды тіркеу мерзімі 2018 жылы 1 қаңтардан басталып, 2018 жылы 10 сәуірде қатысушылар саны толған (14 000 адам) соң аяқталады.

Алматы Марафоны қайырымдылық марафондарға жататын аз ғана халықаралық марафондардың бірі болып табылады: қатысушылардың бастау жарналарынан алынған қаражаттар қайырымдылық мақсаттарға жіберіледі.

Сөре нөмірлері жоқ қатысушылар жарысқа қатыстырылмайды.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети