30 желтоқсан 2019 17:58

"Қазаэронавигация" Bek Air сөзін жоққа шығарды

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Қазаэронавигация" әуе қозғалысы ұйымы Bek Air-дің Fokker 100 ұшағының Алматы түбінбегі апатқа ұшыруына қатысты айтқан ықтимал себебін жоққа шығарды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. 


"Қазаэронавигация" әуе қозғалысы ұйымы Bek Air-дің Fokker 100 ұшағының Алматы түбінбегі апатқа ұшыруына қатысты айтқан ықтимал себебін жоққа шығарды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. 

"Қазаэронавигация" мәлімдеуінше, қазіргі уақытта комиссия құрылып, әуе апатын тергеу үкімет деңгейінде өтіп жатыр. 

"Араласқымыз келмеді, әуе апатының ықтимал себебі жайлы пікір білдіруге ниетіміз болмады. Әдетте комиссия нәтижесін күтіп, кейін жұмысты бастайтынбыз. Бірақ қазір БАҚ-та брифингтер өтіп жүр, біздің қосылуымыз керек болды. Air Astana әуекомпаниясының Airbus 321 Neo мен Bek Air әуекомпаниясының Fokker 100 ұшақтары арасындағы интервал құжаттарда "бір минутқа жетпейді" деп көрсетілген. Бұл әуе кемелерінің ұшуы арасындағы уақыт 1 минут 52 секунд болған", - деді "Қазаэронавигация" бас директорының бірінші орынбасары Фаат Богдашкин. 

Оның айтуынша, бұл интервалдар IKAO халықаралық стандарттарына сай. Богдашкин "бүкіл әлем осы интервалдармен ұшып жүргенін" айтты.

"Осындай интервалмен ұшқаннан кейін бағыттас жолға түсіп әуе апаты болған жайт есімде жоқ. Қазір мұның бәрі қисынсыз, комиссия жұмысының нәтижесін күту керек. Жәшіктерді, өздігінен жазатын құрылғы шифрін шешу қажет - кейін ғана шешім қабылдауға болады. Интервалдар уақытылы болды", - деді Фаат Богдашкин. 

Бұған дейін Bek Air компаниясы Fokker 100 ұшағының құлауына бағыттас із себеп болуы мүмкін екенін айтқан. Бағыттас із - ұшқан ұшақтың артынан жалғасатын құбылыс. Ұшақ көп болған сайын бағыттас із де қаттырақ түседі. 

Алматы әуежайынан Fokker 100 алдында Airbus 321 борты ұшқан. Артынан ұшқан Bek Air ұшағы тура жолды ұстай алмай, жан-жаққа бағыт алған. Салдарынан биіктік жоғалтып, апатқа ұшыраған, деген еді әуекомпания. 

Еске салайық, Bek Air әуекомпаниясының Fokker 100 ұшағы 27 желтоқсанда таңғы уақытта Алматы маңындағы Гүлдала ауылында апатқа ұшыраған. Салдарынан 12 адам қаза тапты, бортта жалпы 93 жолаушы және экипаждың 5 мүшесі болған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.73   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети