12 желтоқсан 2017 16:47

Қазақ фотографтары АҚШ-та фотофестивальге қатысып жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бүгін АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің бастамасымен және ҚР Біріккен Ұлттар Ұйымындағы тұрақты өкілдігінің қолдауымен "PHOTO FEST KZ" халықаралық фотофестивалінің көрмесі ашылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Бүгін АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің бастамасымен және ҚР Біріккен Ұлттар Ұйымындағы тұрақты өкілдігінің қолдауымен "PHOTO FEST KZ" халықаралық фотофестивалінің көрмесі ашылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

БҰҰ-ның rөрме pалында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесіне орай ұйымдастырылған "Қазақстан әлем фотографтарының көзімен" атты мәдени шараға АҚШ, Франция, Италия, Түркия, Ресей және еліміздің әлемдік деңгейдегі фотографтарының 100-ден аса жұмысы қойылды.

Көрмені шетелдік дипломатиялық, елшілік өкілдері мен қала қонақтарын қамтыған 500 ден аса адам тамашалады. Әрі, таңдаулы фото картиналар арқылы олар Қазақстанды жаңа қырынан (ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрып, табиғат,) танып, өз бағаларын берді.

Естеріңізге сала кетсек, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен "ЭКСПО-2017" Халықаралық көрмесі аясында шетелдің ең үздік фотографтары Астана қаласында бас қосқан болатын. Олар ЭКСПО-дан бөлек еліміздің барлық аймақтарын аралап, көрікті орындарын суретке түсірген еді. Соның нәтижесінде Елордада "Қазақстан әлем фотографтарының көзімен" атты кітап басылып шықты.

Бұл реткі көркем картиналар көрмесіне еліміздің фото өнерін əлемге танытып жүрген белгілі фотографтар Асылхан Əбдірайым, Ерболат Шадрахов, Шүкір Шахай, Тұрар Қазанғапов, Жеңіс Ысқабай, Сəрсенбек Қызайбек, Ерлан Омар, Айбек Аханов, Максим Рожин, Ақəділ Рысмахан, Алтынбек Қартабай, Сəби Маемеров, Мақсат Шағырбаевтардың таңдаулы туындылары көрермен назарына ұсынылды. 

"Қазақстанды америкалықтар мен қатар күллі әлемге фотоаппараттың объективі арқылы таныстыруды мақсат тұттым", -  дейді Халықаралық дəрежедегі фотограф Мақсат Шағырбаев.


Суреттердің авторы: Мақсат Шағырбаев

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети