10 шілде 2015 17:02

Қазақ хандарының 150-ден астам хаты Қытай мұрағаттарында сақталған

ПОДЕЛИТЬСЯ

© kazakh.ru © kazakh.ru

Қазақ хандығының 150-ден астам хаты Қытай мұрағаттарында сақталған, - деп хабарлайды "Қазақстан" телеарнасы. Тарихи құжаттардың арасынан қазақ хандары мен сұлтандарының Цинь империясының монархтарына жазған хаттары табылды.


Қазақ хандығының 150-ден астам хаты Қытай мұрағаттарында сақталған, - деп хабарлайды "Қазақстан" телеарнасы. Тарихи құжаттардың арасынан қазақ хандары мен сұлтандарының Цинь империясының монархтарына жазған хаттары табылды.

Солардың бірі - Қанқожа сұлтанның 1790 жылы Тарбағатай губернаторына жазған хаты. Қанқожа сұлтанның жеке мөрі басылған хат шағатай тілінде жазылған. Тарихшы Дүйсенәлі Әбділәшімұлының айтуынша, Қанқожа сұлтан хатында Тарбағатай губернаторына қазіргі Шығыс Қазақстан облысының аумағына қоныстанатынын хабарлайды. Қытай мұрағатынан табылған деректерге сенсек, қазақ хан-сұлтандарының ішінде алғаш болып 1757 жылы Цинь патшасы Чян Лұңға Абылай хан хат жазған. Онда қазақ ханы екі жақты қарым-қатынастардың басталуымен құттықтап, қуанышын жеткізген. Өз хаттарында Чян Лұң мен Абылай елшілерді тағайындау, лауазымдарды бекіту жөнінде ақылдасқан. Тіпті кейде көршілес елден түрлі ауруларды емдейтін дәрі-дәрмек те сұратқан. Тарихшылардың айтуынша, бұл хаттар Цинь империясы мен қазақ хандығы арасындағы достық қатынастарының дәлелі.

Абылайдың хатын алғаш болып Онума Тахакиро есімді жапон ғалымы тапқан. Ол Қытай мұрағатынан алған құнды дерек туралы көлемді мақала жазып, Жапонияның беделді басылымдарының бірінде жариялаған. Ал, Қытай мұрағатына кіруге рұқсат алған жалғыз қазақ Еркін Ауғали есімді қандасымыз. Ол қазақтардан ең бірінші болып хан-сұлтандардың Цинь империясына жолдаған хаттарымен танысып, шағатай тілінен аударған. Ғалымның айтуынша, ол аударған Абылайдың екі хатын Қытай тарапы Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевқа сыйлаған.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақ хандығының ортағасырлық картасының Ватиканнан табылғаны хабарланған болатын. Үкіметтің Қазақ хандығының 550 жылдығы атап өтілетін қаулысының аясында қазақтың мемлекеттігіне қатысты түрлі зерттеулер жасауға бастама көтерілді және "Қазақ хандығының құрылу тарихы", "Қазақ хандары" кітаптары басылып шықты.  

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети