03 ақпан 2015 19:27

Қазақ хандығының мерейтойына Таразда жұмсалатын миллиардтаған шығын туралы түсінік берілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иллюстрация. ©Tengrinews.kz Иллюстрация. ©Tengrinews.kz

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің өкілдері Таразда тойланатын Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойына 13,5 миллиард теңге жұмсау жоспары жөнінде түсінік берді. Tengrinews.kz тілшісінің ресми сауалына берген жауабында ведомство өкілдері қаржының тойлауға ғана емес, қала инфрақұрылымын жақсартуға, оның ішінде жол жөндеуге жұмсалатынын айтты. Айта кетейік, Қазақ хандығының құрылғанына биыл 550 жыл толып отыр.

Ведомствоның мәліметінше, шығын жоспарын Жамбыл облысының әкімдігі жасады. Шенеуніктер шығынның түпкілікті сомасының әзірше бекітілмегенін айтты. Қазіргі уақытта жоспарды Республикалық бюджет комиссиясында қарастырып бекіту көзделіп отыр. Министрлік өкілдері басты шаралардың 2015 жылдың қыркүйек айында өтетінін хабарлады. Олардың айтуынша, бұл қаржы тойлауға ғана емес, сонымен қатар қала инфрақұрылымын жақсартуға, нақтырақ айтсақ, Тараз қаласының көшелеріндегі жолдарды жөндеуге жұмсалатынын айтты. Жоспарланған соманың басқа қаржы көздерінен қарастырылуы да мүмкін.

Еске сала кетейік, осыған дейін Қазақ хандығының мерейтойына арналған негізгі шаралардың Астана мен Тараз қалаларында өтетіні белгілі болған еді. Шығынның жалпы көлемі - 22,79 миллиард теңгеден астам. Сонымен бірге бұған дейін кейбір тарихшылардың Қазақ хандығының Таразда емес, қазіргі Алматы облысының аумағында құрылғанын мәлімдегенін де айта кетейік. Болжам бойынша, Керей мен Жәнібек мемлекеттің негізін дәл осы жерде қалаған. Осыған байланысты ғалымдар мерейтойды Алматыда өткізу жөн болатыны туралы пікір айтты.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.52   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети