Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.32
EUR / KZT - 392.58
CNY / KZT - 50.02
RUB / KZT - 5.64

Қазақ жеріне көз алартып отырған арандатқыштарға жарнама жасауды доғаралық

17 Маусым 2014, 11:50
0
Ержан Ашықбаев ©thenews.kz фото
Ержан Ашықбаев ©thenews.kz фото

«Іріген ауыздар» туралы талай айтқанбыз. Жириновскийді жеріне жеткізіп сынға да алғанбыз. Сөйтсек, онымызбен әлгі арандатқыштарды жарнамалап та жатқанымызды байқамайды екенбіз. Өйткені, Ресейдің Лимонов сияқты әсіре белсенділері «Қазақстанның солтүстік аймақтарын өз мемлекетімізге қосып алуымыз қажет», - деп бөсіп жатқаны кеше ғана секілді еді. Бүгінде ғаламторда «Солтүстік Қазақстанды қайтару» атты әлеуметтік топтар құрыла бастағанын естідік. Украинадағы қақтығыстарға қазақстандықтар да қатысып жатыр деген «сыбыс» та талай айтылды. Осындай олқылық ойдың баршасына бүгін сыртқы істер министрлігі өз ұстанымын жариялады.

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Ашықбаев алдымен Қазақстанның территориясына көз тігіп отырған кейбір әлеуметтік топтардың жұмысын өзінше бір суреттеп берді. «Негізі, әлеуметтік медиа бұл бақылауға бағынбайтын сала ғой. Ондай топтар болса, олардың ойын қадағалау мүмкін емес. Мен өзім аталған топтардың қатарында жүзге жуық адамды көрдім. Демек, біз шағын ғана маргиналды топ туралы айтып отырмыз. Олар - ресейлік қоғамның кішкентай бір бөлігі. Иә, ондай проблема бар. Дегемен, біз Қазақстанның сыртқы істер министрлігі ретінде Лимоновтың да, Жириновскийдің де, хакас депутатының (Хакас Республикасы Жоғарғы кеңесінің төрағасы Владимир Штыгашев – авт.) да мәлімдемесі бойынша тиісті шараларды қолға алғанбыз. Оны бәрі жақсы біледі. Әрине, біз тиісті жауапты талап етеміз. Алайда бәрінен бұрын Ресейдің ресми ұстанымы маңызды. Олардың ресми билігі Қазақстанға қатысты ешқандай жер дауының жоқтығын мәлімдеген болатын», - дейді министрдің орынбасары. Осы орайда министр орынбасары өз ойын «еркін» айтатын кез келген адамның артынан жүгірмейтінін жеткізді. Себебі ол дипломатияның қызметіне жатпайды. Дипломат адам ұстамды болуы талаптың біріншісі. «Меніңше, қазақстандық дипломатияның негізгі мақсаты – достық байланыстарды орнату. Ал біз ондай әлеуметтік топтарға назар аудара берсек, оның жұмысын тоқтатпаймыз, керісінше оларға жарнама жасаймыз. Оларға да сол керек. Сондықтан, мен бұқаралық ақпарат құралдарының да осы іспетті маргиналды топтарға неғұрлым аз көңіл бөлсе деп сұрар едім. Солай істесек, соғұрлым өз мемлекетіне көбірек пайда тигізеді», - деп атап көрсетті Е.Ашықбаев мырза.

Материалдың жалғасын "Алаш айнасынан" оқи аласыз. 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай