31 наурыз 2017 | 19:36

Kazakh Invest ұлттық компаниясының төрағасы тағайындалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© invest.gov.kz © invest.gov.kz

Kazakh Invest ұлттық компаниясык акционерлік қоғамының директорлар кеңесінің 2017 жылғы 31 наурызындағы шешімімен компанияның басқарма Төрағасы болып Мақсат Қабашев сайланды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі компанияның сайтына сілтеме жасап. 


Иконка комментария блок соц сети

Kazakh Invest ұлттық компаниясык акционерлік қоғамының директорлар кеңесінің 2017 жылғы 31 наурызындағы шешімімен компанияның басқарма Төрағасы болып Мақсат Қабашев сайланды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі компанияның сайтына сілтеме жасап. 

Қабашев Мақсат Рахымжанұлы 1967 жылы 1 қаңтарда Қызылорда облысында дүниеге келді.

1991 жылы Мәскеу ормантехникалық институтын: инженер - технолог мамандығымен аяқтады, 1998 жылы Қабашев мырзаға қазақ көлік және коммуникациялар академиясының техника ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесі берілді. 2001 жылы Қазақ ұлттық техникалық университетін: инженер - механик мамандығы бойынша тәмамдаған және 2004 жылы АҚШ-тағы Мессачусетс техникалық институтының іскер әкімшілік магистрі дәрежесін алды. "Құрмет" орденімен марапатталған. Мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерін меңгерген. Отбасылы, 4 баланы тәрбиелеуде.

1991 жылы Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясында зерттеуші-стажер болып еңбек жолын бастайды, 1993 жылы "Қазмұнайхим" ЖШС коммерциялық директоры болды. 1997 жылдан бастап "Қазақгаз" ұлттық компаниясында, "Қазақойл" ұлттық компаниясының Ресей федерациясындағы өкідігінде басшы шенінде қызмет етті. 2000 жылы ҚР Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі газды өндіру және тасымалдау басқармасының бастығы, 2001 жылы  ҚР Индустрия және сауда министрі кеңесшісі болды.

2004-2009 жылдары "Ұлттық инновациялық фонд" АҚ Басқарма төрағасының орынбасары, "Қазына" тұрақты даму фонды" АҚ басқарушы директоры, "Қазына" тұрақты даму фонды" АҚ басқарма төрағасының орынбасары, "Қазақстанның инвестициялық қоры" АҚ басқарма төрағасының орынбасары, "Стрестік активтер қоры" АҚ басқарма төрағасы қызметтерін атқарған, 2009 жылдың ақпан айынан бастап "Альянс Банк" басқарма төрағасы болды. 2014 жылдық наурыз айында "Қазақстан қор биржасы" АҚ Президенті болып тағайындалды. 2015 жылдың шілде айынан 2017 жылдың наурыз айына дейін "Қазақстан Темір Жолы" Ұлттық компаниясы" АҚ вице-президенті қызметін атқарған.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети