"Қазақмыс" Оңтүстік Кореядағы жетекші госпитальдардың бірінің ресми серіктесі болды

28 Наурыз, 15:53
0
"Қазақмыс"  Оңтүстік Кореядағы жетекші госпитальдардың бірінің ресми серіктесі болды -

"Қазақмыс" корпорациясы Оңтүстік Корея Республикасындағы жетекші госпитальдардың бірінің ресми серіктесі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ұзақмерзімді ынтымақтастық туралы үш жақты меморандумға "Қазақмыс корпорациясы" ЖШС, оңтүстіккореялық Енсе университетінің "Северанс" госпиталі және "Severance-KZ халықаралық медициналық қоры" қоғамдық қорының басшылары қол қойды.

"Северанс" госпиталі Корея Республикасындағы маңдай алды медициналық мекемелердің бірі және Азияның денсаулық сақтау жүйесінде көшбасшы деп танылған. Оның мамандары астаналық ЕнсеУниверситетінің академиялық базасында жұмыс істейді.

Қол қойылған құжатқа сәйкес, оңтүстіккореялықтар Жезқазған Медициналық орталығының мамандарына ғылыми және өнеркәсіптік медицина саласында тәжірибелік және консультативтік көмек көрсетеді.

Сонымен бірге,келісімде денсаулық сақтау саласына заманауи технологияларды енгізу және Енсе Университеті әзірлеген арнайы бағдарлама негізінде біздің медицина қызметкерлерін оқыту көзделген. 

"Мұндай тығыз ынтымақтастық Қазақмыс компаниялар тобының жұмысшылары мен Жезқазған өңірінің тұрғындарына сапалы медициналық қызмет көрсету ісіндегі біздің алға қойған мақсаттарымыздың орындалуына оң ықпал етеді деп үміттенеміз, - деді "Қазақмыс корпорациясы" ЖШС Басқарушы Кеңесінің бас директоры Бақтияр Қырықпышев.   

Қол қойылған меморандум Қазақстанның Тұңғыш Президенті бастап берген денсаулық сақтау саласындағы Қазақстан-Корея ынтымақтастығына қосылған өлшеусіз үлес болмақ. Себебі Нұрсұлтан Назарбаев Енсе Университетінің құрметті профессоры екені белгілі.

Получить короткую ссылку

Тегтер:

  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай