10 наурыз 2014 20:44

Қазақстан 40 ел үшін визалық тәртіпті жеңілдетеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

©REUTERS ©REUTERS

Берлинде ITB-2014 халықаралық туристік көрмесі аясында Жібек жолы елдері туризм министрлерінің кездесуі өтті, оның барысында ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Марат Иғалиев Қазақстанның 40 елмен арадағы визалық тәртіпті жеңілдеткелі отырғанын жеткізді деп хабарлайды Tengrinews.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бұл - EXPO-2017 көрмесіне қатысушы елдер туристері үшін жасалып отырған жеңілдік. Бұған қоса, пилоттық жоба шеңберінде көрмеге келетін шетелдіктерді тіркеуді олар аялдаған қонақүйлерде жүргізу ұсынылып отыр. Елге келгеннен кейін виза беру тәртібі осы кезге дейін Жібек жолы бойындағы бірқатар мемлекетте: Грузияда (91 ел үшін), Арменияда (87 ел үшін), Қырғызстанда (40 ел үшін) және Тәжікстанда (80 ел үшін) сәтті енгізілген болатын. 5-9 наурыз аралығында өткен 48-ші Бүкіләлемдік туристік биржа - ITB-2014-те 180-нен астам мемлекеттен 11 мыңға жуық стенд қойылды. Қазақстандық делегацияны ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев бастап барды. Кездесу барысында тараптардың барлығы да Жібек жолы дәлізінде туризмді дамыту әлеуетін толық ашу үшін Жібек жолы елдерінің ортақ визасын құру жолында бірлесе күш жұмсауға келісті. Қазіргі уақытта туризмді бұл бағытта дамытуға визалық жүйенің күрделілігі, визаға өтініш беру құнының жоғарылығы мен тиімсіз рәсімдер кедергі келтіріп тұр. Сол себепті EXPO-2017 көрмесін өткізуге дайындық барысында Астанада визалық тәртіпті жеңілдету жөнінде жұмыстар жүргізіліп жатыр. Қазақстандық делегацияның UNESCO, UNWTO (Бүкіләлемдік туристік ұйым) және Гидтер мен экскурсияшылардың бүкіләлемдік қауымдастығы жетекшілерімен жүргізген келіссөздері барысында Алматыда Жібек жолы бойынша гидтерді дайындау жөнінде тренингтер өткізуге уағдаластық жасалды. Мамандандырылған гидтерді дайындауға арналған оқу құралдарын шығару туралы да жоспар бар. "Жібек жолы мұрасының дәліздері" жобасы Қазақстанға және басқа да қатысушы елдерге туризмді баға жетпес мәдени-табиғи байлықтарды паш ете отырып дамытуға тамаша мүмкіндік ашып отыр", - деп мәлімдеді UNWTO бас хатшысы Талеб Рифаи. Оның айтуынша, қазір аталған жобаны UNESCO-ның бүкіләлемдік мұрасы тізіміне қосу мақсатында жұмыс жүргізіліп жатыр. Талеб Рифаи Астанада EXPO-2017-ні өткізу Қазақстанға келетін туристер ағынын ұлғайтуы тиіс екенін және бұл орайда UNWTO-ның Қазақстанды қолдауға ниетті екенін атап өтті. UNWTO мен ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі арасында EXPO-2017 шеңберінде туризм саласындағы ынтымақтастық жөнінде меморандумға қол қойылды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети