17 сәуір 2015 16:17

Қазақстан ақпарат құралдары сайлау тақырыбында 16 мыңға жуық материал жариялаған

ПОДЕЛИТЬСЯ

© infozakon.com © infozakon.com

Қазақстанда сайлау тақырыбында жарияланған ақпарат құралдары материалдарының мониторингінің қорытындысы шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Орталық сайлау комиссиясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Айта кетейік, мониторингке 2015 жылдың 26 наурызынан бергі аралық алынды.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, мониторинг 53 республикалық баспа басылымын, 16 республикалық телеарнаны, 179 өңірлік баспа басылымын, 29 өңірлік телеарнаны, сондай-ақ 7 ақпарат агенттігі мен 117 неғұрлым танымал қоғамдық-саяси интернет-ресурсты қамтиды. Сонымен қатар, әлеуметтік желілерде мониторинг 200-ден астам қоғамдастық пен қоғамдық пікір жетекшілерінің 250 бетін, Youtube бейнепорталындағы 30 пайдаланушы арналарды, Twitter-дегі өзекті хештегтер лентасындағы жаңартуларды қамтыды.

Мониторинг қорытындысы бойынша, 2015 жылғы 26 наурыздан 16 сәуірге дейінгі кезеңде республикалық және өңірлік БАҚ-тарда сайлау тақырыбы жөнінде 15 662 материал жарияланған.

"Республикалық телеарналарда эфирге 3335 сюжет, радиода- 1121 материал, газеттерде 556 мақала, ал интернет-ресурстарда 1788 жарияланым орналастырылды. Өңірлік БАҚ-тарда жалпы алғанда сайлауға байланысты 8862 материал жарияланды. Олардың ішінде 6997 сюжет телеарналар эфиріне шықты, 1619-ы баспа басылымдарында жарияланды және 246 материал интернет-ресурстарда орналастырылды", - делінген хабарламада.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети