Қазақстан әлемде ешкімге де қызық емес - тоғыз жыл бұрын елімізге көшіп келген ресейлік

08 Желтоқсан 2016, 15:33
0
Қазақстан әлемде ешкімге де қызық емес - тоғыз жыл бұрын елімізге көшіп келген ресейлік - © iStory
© iStory

Осыдан тоғыз жыл бұрын Ресейден Қазақстанға көшіп келген Юрий Дорохов Hommes.kz басылымына берген сұхбатында Қазақстан әлемде ешкімге де қызық емес ел дейді. 

Бірақ ол соған қарамастан, Қазақстанға неліктен көшіп келгенін айтты. "Мен Қазақстанға қызықты оқиғаларға тап болып, ақша табу үшін келдім. Колумб неге Үндістанға барды деп ойлайсыздар? Ол сол сәтте Жердің домалақ екенін дәлелдеп, сонымен қоса, алтынға көмілгісі келген еді. Мен де Қазақстанға сол себепті көшіп келдім", - дейді  Юрий Дорохов. 

Оның айтуынша, Ресейде Қазақстан жайлы ешкім білмейді. "Ресейде қазақстандықтар жайлы білетіндер аз. Мүмкін қазір біраз адам біліп қалған шығар, бірақ ресейліктердің басым бөлігі Қазақстан жайлы ештеңе білмейді, оларға Қазақстан онша қызық емес. Шынымды айтсам, Қазақстан әлемде ешкімге де қызық емес. Тек мәдениет, тарих сүйетіндерге болмаса, бірақ олардың өзі аз ғой. Бұл қалыпты жағдай деп ойлаймын. Себебі, көбісі бренд елдерді ғана біледі. Мәселен Германия, Франция, Ұлыбритания, АҚШ", - дейді ресейлік. Сондай-ақ, ол Қазақстанға көшпес бұрын мұнда кең дала мен "Медеу" мұз айдынын ғана білгенін айтады. 

Басылымға берген сұхбатында Юрий Дорохов қазір өзін нағыз алматылық санайтынын айтты. "Мен өзімді қазақстандық сезінемін деп айта алмаймын - мен Ресей азаматымын, бірақ мен өзімді алматылық санаймын. Қазақстанда ұлым дүниеге келді. Ол енді алматылық", - деді ресейлік. Сонымен қатар, ол осындағы достарының Ресейге көшпекші болғанын естігенде, оларды райынан қайтаруға тырысатынын айтты. 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай