10 мамыр 2019 10:53

"Қазақстан әлемнің мәдени орталығының бірі". The Spirit of Tengri фестивалінде кімдер өнер көрсетеді

Дина Муратова Редактор

ПОДЕЛИТЬСЯ

The Spirit of Tengri 2019 заманауи этникалық музыка халықаралық фестивалінде өнер көрсетуі күтіліп жатқан екі қонақтың есімі белгілі болды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


The Spirit of Tengri 2019 заманауи этникалық музыка халықаралық фестивалінде өнер көрсетуі күтіліп жатқан екі қонақтың есімі белгілі болды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматыға Әзірбайжаннан Натиг Ширинов Natig Rhythm Group жобасымен келсе, Үндістаннан The Raghu Dixit Project тобы Raghu Dixit солисімен келеді. 

Әлемнің 16 елінен келетін 70-тен аса музыкант өнер көрсететін бұл музыкалық шоу 25-26 мамырда Республика сарайының (Абай - Достық) алдындағы Абай алаңында өтеді. Концерт 17:00-де басталады, кіру - тегін. Музыкалық шоу Жастар жылын атап өту аясында Алматы қалалық әкімдігінің қолдауымен өтеді. Жобаның бас серіктесі - Salem Social Media.    

Танымал әзірбайжандық музыкант Натиг Шырынов Natig Rhythm Group жобасымен алматылықтарды және оңтүстік астана тұрғындарын ерекше нагарá аспабымен таныстырады. Былтыр қыркүйекте елордада ұжымның өнер көрсетуін The Spirit of Dance фестивалі ашқан. 

"Мен Қазақстанда бірнеше рет болдым. Сонымен қатар әртүрлі елдерде болған бірнеше фестивальға қатысқанмын. Әр елдің өзіндік ерекшелігі болады. Оның ішінде мәдениет, өнер және салт-дәстүрлер. Біз Қазақстанды ұнатып қалдық. Бұл елді әлемнің мәдени орталығының бірі деп санаймын. Фестивальдар әр елдің мәдениетін қорғау үшін маңызды рөл атқарады. Салт-дәстүр мен мәдениетті таныстыру ең керек міндет дегім келеді, The Spirit of Tengri фестивальдері осындай міндеттерді іске асыруға зор ықпалын тигізеді. Біз Қазақстанда осындай жобаның барына қуаныштымыз. Бұл жоба адамдарды достыққа және бақытты болуға шақырады", - дейді Натиг Шырынов  

Үндістаннан келген қонақтар The Raghu Dixit Project тобы Қазақстанға ат басын бірінші рет бұрып отыр екен. The Guardian газеті олар туралы "Үндістаннан шыққан ұлы мәдени өнім" деген. Олар музыка алаңында Үндістанның заманауи этникалық музыкасын шырқайды. Бұл топты жақсы білетін мамандардың сөзінше, топтың шырқаған музыкалары адамдардың жасын, тілін талғамай оларды бақытты сезіндіреді. Топтың музыка негізінде каннада тіліндегі поэзия жатыр. Ол көне тіл болып саналады. Ұжым әлемге әйгілі британиялық Glastonbury фестивалінде Ұлыбритания патшайымының алдында өнер көрсеткен. Концерт Сиднейдегі опера театрінде өтті.

"Менің тобым Қазақстанға келгеніне өте қуанышты. Бұл біздің The Spirit of Tengri фестивалінде бірінші рет өнер көрсетуіміз. Мен сіздердің бай тарихтарыңызды, мәдениеттеріңіз бен салт-дәстүрлеріңізді шоуға дайындық барысында зерттедім. Нәтижесінде Қазақстан мен Үндістан бір-біріне ұқсайтын жерлері көп екенін анықтадым. Біздер салт-дәстүр мен мәдениетімізді сақтау жағынан ұқсайтын халықпыз. Қазақстанда әртүрлі ұлттар өмір сүреді, олар тату-тәтті қарым-қатыснаста. Бұл мені таңғалдырды. Сіздердің халық әндеріңіз маған қатты ұнайды. Оның ішінде домбыраның үні. Сіздермен фестивальде қауышуды асыға күтіп жатырмыз. Жақсы көңіл-күймен уақыт өткіземіз деп ойлаймын", - дейді Raghu Dixit ұжымының негізін қалаушы.

Осыған дейін фестивальде тамақпен ән айту орындаушысы тывалық Радик Тюлюш қатысатыны және эстоно-украиналық Svjata Vatra тобының қатысатыны хабарланды. Сондай-ақ венгриялық Kerekes Band, мозамбиктен келген музыкант Childo Tomas қатысады деп күтіледі. Сонымен қатар Өзбекстан, Мали, Нигер Республикасы, Алжир, Грузия, Мысыр, Иран, АҚШ пен Қазақстан ұжымдарының өнерлері күтіліп жатыр. 

Фестиваль қолдаушысы - Tez Tour Kazakhstan туроператоры, ал KZ Sound компаниясы техникалық қолдау көрсетеді. Фестивальдің ресми суы ‑ Samal.

The Spirit of Tengri халықаралық мультимәдени жобасы 2012 жылы Tengri FM ұлттық қазақстандық радиостанциясы құрған. Тамаша музыкалық қойылымның мақсаты ‑ қазақстандықтар мен еліміздің қонақтарын Ұлы дала және бүкіл әлем халықтарының мұрасымен таныстыру. Жоба ұлттық ауқымдағы мәдени бренд мәртебесіне ие. Фестивальді ұйымдастырылып жатқалы 120 мыңнан аса адам тамашалаған. The Spirit of Tengri жобасы аясындағы концерттер - ақпараттық көркем материалдар мен видео контентпен сүйемелденетін жарқын, әсем музыкалық шоу. Сондықтан, оларға тек ойын-сауық емес, білім беру сипаты да тән. Концерт real-time режимінде кең форматты LED-дисплейлерінде таратылып, онлайн-алаңдарда тікелей эфирге шығады.

Алдыңғы жылдары фестивальді Kaspi.kz пен Magnum Cash & Carry қолдаған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети