Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Қазақстан ауа райы: алдағы демалыс күндері жауын-шашынды болады

11 Шілде 2014, 20:29
0
Фото ©REUTERS
Фото ©REUTERS

Қазақстанда алдағы демалыс күндері жауын-шашынды болады, - деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасаған Tengrinews.kz.

"Алдағы үш тәулік бойына республикамыздың солтүстігінде, орталығында және шығысында қатты жаңбыр жауады, кейбір жерлерде жел күшейіп, оның жылдамдығы секундына 15-23 метрді қамтиды, тіпті бұршақ жаууы да мүмкін, күндізгі ауа температурасы 15-25 градус жылылықты көрсетеді" - дейді Қазақстан синоптиктері.

13-14 шілдеде республикамыздың оңтүстігінде, 14 шілдеде солтүстік-шығысында суық ауаның артуы салдарынан қысқа уақытта күн күркіреп, жауын-шашын жүреді. Бұл аумақтарда жел секундына 15-23 метрге дейін күшейіп, аптап ыстық басылады. 33-40 градустық ыстық температура 25-30 градусқа дейін төмендейді.

Еске сала кетелік, алдында синоптиктер Қазақстанда алдағы күндері ауа райы тұрақсыз болатындығын ескерткен. Ақтөбе, Қостанай, Ақмола, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында 11-12 шілдеде желдің күшеюіне байланысты қатты жауын-шашын, бұршақ жауу ықтималдылығы да ескертілген. Сонымен қатар ауа температурасы түнде 10-15, ал кейбір жерлерде 7 градусқа, ал күндіз 15-20, кейбір жерлерде 12 градусқа дейін төмендейтіндігі болжанған болатын.

 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай