05 желтоқсан 2019 10:59

Қазақстан әуежайларында жолаушылар саны артты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекет басшысының әуе тасымалдарының бағасын төмендетуге қатысты тапсырмасын орындау мақсатында отандық әуе компаниялары ішкі бағыттар бойынша ұшақ билеттерінің құнын орта есеппен 12 пайызға төмендетті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР ИИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Мемлекет басшысының әуе тасымалдарының бағасын төмендетуге қатысты тапсырмасын орындау мақсатында отандық әуе компаниялары ішкі бағыттар бойынша ұшақ билеттерінің құнын орта есеппен 12 пайызға төмендетті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР ИИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Қазақстандағы алғашқы бюджеттік әуе компаниясы ашылып, қызмет көрсете бастауы әуе тасымалы нарығына елеулі түрде әсер етті. Ол ішкі нарықтағы бәсекелестікті арттырып, тиісінше әуе билеттерінің тарифі біршама төмендеді.

Fly Arystan әуе компаниясының нарыққа шығуына байланысты еліміздің әуежайларында жолаушылар ағынының өсімі байқалды. Атап айтқанда, Нұр-Сұлтан қаласы әуежайында жолаушылар саны 48 пайызға артса, Алматыда - 45 пайыз, Семейде - 1013 пайыз, Таразда - 734 пайыз, Павлодарда - 117 пайыз, Қарағандыда ​​- 90 пайыз, Шымкентте - 57 пайыз, Оралда - 54 пайыз көбейген.   

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен және квазимемлекеттік субъектілерімен бірлесіп, ұшақ билеттерінің құнын төмендетуге бағытталған жұмысты жалғастыруда.  

Сонымен бірге, Мемлекет басшысының әуе отынына бағаны төмендетуге қатысты тапсырмасын орындау мақсатында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Берік Камалиев Қазақстанда ұшуларды жүзеге асыратын шетелдік әуе компаниялардың және әуежайлардың өкілдерімен кеңес өткізді. 

Мемлекет меншігіндегі әуежайлар үшін отын құнын орташа нарықтық деңгейге дейін төмендету және шетелдік әуе компаниялармен арадағы шарттарды осы шешіміне сәйкес келтіру тапсырылды.

Әуе тасымалы құнында ең үлкен үлес салмақ осы әуе отынына тиесілі және ол көрсеткіш 30 пайызға дейін жетеді.

Жалпы алғанда, әуе отыны мен ұшақ билеттерінің құнын төмендету мәселесі Министрліктің тұрақты бақылауында болады және бұл бағытта жұмыс жүйелі негізде жүргізіледі.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети