"Қазақстан барысының" финалына жолдама алған бес балуан жарыстан шеттетілді

16 Маусым 2014, 17:04
0
"Қазақстан барысының" финалына жолдама алған бес балуан жарыстан шеттетілді - ©Тengrinews.kz
©Тengrinews.kz

Маусым айының соңында өтетін қазақ күресі бойынша "Қазақстан барысы" турнирінің финалы қатысатын 33 балуанның бесеуі жарыстан шеттетілді, деп хабарлайды Тengrinews.kz Тengrinews.kz тілшісі қазақ күресін дамыту қорының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұлт Көшбасшысы – Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жүлдесі үшін қазақ күресінен "Қазақстан Барысы" республикалық турнирінің ұйымдастырушылары биылғы финалдық сыннан бес балуанның шеттетілгендігін ресми түрде мәлімдеп отыр.

"Қазақстан Барысы" турнирін өткізу Регламентінің "ІV. Жарыстың өткізілу тәртібі" тармағында көрсетілген талапқа сәйкес ауылдық, аудандық іріктеу сындарынан өтпеген Қостанай облысының балуаны Ғабит Балғынбаев Турнирдің финалдық бәсекесіне қатысу құқығынан айырылды. Ұйымдастыру комитеті тарапынан жүргізілген тексеру шаралары нәтижесінде Ғабит Балғынбаев облыстық ІІІ іріктеу жарысына жергілікті спорт басқармасы басшыларының шешімі бойынша жіберілгендігі анықталды. Сонымен қатар, регламенттің аталған тармағындағы талапқа сай балуандар өздері ресми түрде тіркелген облыстың іріктеу сындарына ғана қатысуға құқылы. Тұрғылықты мекен-жайы бойынша Арқалық қаласында тіркелген Ғабит Балғынбаев Астана қаласында ұйымдастырылған іріктеу сынына қатысып, Регламенттің тағы бір шартын бұзған", - делінген қазақ күресін дамыту қоры таратқан мәліметте.

Аталған дәйектерге сүйене отырып, Қор Ғ.Балғынбаевты Ұлт Көшбасшысы - Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жүлдесі үшін қазақ күресінен «Қазақстан Барысы» республикалық турнирінің финалдық сынынан шеттету туралы шешім қабылдады. Сонымен қатар, "Допингке қарсы ұлттық орталығы" ММ-нің 2014 жылғы 20-шы мамырдағы допингтік сынама қорытындысына сәйкес қан құрамында допингтік зат анықталған Батыс Қазақстан облысының балуаны Дамир Қалақов, Қостанай облысының балуаны Михаил Твердохлебов, Астана қаласының балуаны Нұрғали Байтарақов және Маңғыстау облысының балуаны Манас Иманқұлов финалдық бәсекеден шеттетіліп отыр.

Енді, 2014 жылғы "Қазақстан Барысы" жобасының ақтық додасында 28 балуан бақ сынайтын болады.Турнир  2014 жылдың  29 маусымында  Астана қаласындағы "Сарыарқа" респуликалық велотрегінде сағат 13:00-де басталады.
 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай