13 мамыр 2015 11:24

Қазақстан білім беру сапасы рейтингінде әлем бойынша 49-орында

ПОДЕЛИТЬСЯ

Svit24.net сайтынан Svit24.net сайтынан

Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (OECD) әлем елдеріндегі білім беру сапасының рейтингін жариялады, - деп хабарлайды BBC. Тізімде Азия елдері көш бастады.


Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (OECD) әлем елдеріндегі білім беру сапасының рейтингін жариялады, - деп хабарлайды BBC. Тізімде Азия елдері көш бастады.

76 едегі емтихан бағалары салыстырылды. Рейтинг математика мен жаратылыстану ғылымдарына арналған халықаралық тест нәтижесінде жасалды. Бірінші орында Сингапур, одан кейін Гонконг пен Корея тұр. Үздік бестікке Жапония мен Тайвань елдері бар.

Мектептегі білім сапасы рейтингінде еліміз 49-орында. Қазақстан Армения, Иран, Малайзия елдерінің алдына шықты. Ұлыбритания 20-шы, АҚШ - 28, Ресей - 34-орында. OECD ұйымының қызметкерлері рейтинг елдің экономикалық және білім беру жүйесі арасындағы байланысты көрсететінін айтты.

"Негізгі мақсат көп елді, соның ішінде, бай және кедей елдердің білім беру деңгейін, олардың жақсы және осал тұстарын салыстыру болды", - деді OECD орталығының басшысы Андреас Шлейхер.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети