Қазақстан ең жайлы елдердің біріне айналуы тиіс

15 Қыркүйек 2014, 17:36
0
Қазақстан ең жайлы елдердің біріне айналуы тиіс - Қасым-Жомарт Тоқаев. ©REUTERS
Қасым-Жомарт Тоқаев. ©REUTERS

Парламент Сенатының спикері Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның 2050 жылға қарай қалай өзгеруі керектігін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Біз Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдерінің шешуші көрсеткіштеріне сәйкес келетін өмір сапасы стандарттарын енгізуді жоспарлап отырмыз. Оны анықтаудың индикаторлары жұмыспен, баспанамен, ауызсумен қамтылу, азық-түлік себеті, білімнің, денсаулық сақтаудың, мәдени-тұрмыстық қызметтердің қолжетімділігі және әлеуметтік төлемдер болуы тиіс", - деді Тоқаев шетелдік елшілер қатысқан "Қазақстан-2050" Стратегиясын іске асыру мен Қазақстан Республикасының халықаралық қоғамдастықтағы ролі" атты дөңгелек үстелде.

Сенат спикерінің айтуынша, мұндай саясаттың басты мақсаты - кедейшілікті, әлеуметтік теңсіздікті азайту, азаматтардың өмір сүру деңгейін жақсарту.

Бұл мақсатқа жету үшін 2050 жылға қарай ішкі жалпы өнімді жан басына шаққанда 4,5 есеге, 13 мың доллардан 60 мың долларға дейін арттыру қажет. 

"Ішкі жалпы өнімнің жартысын өндіретін орта тап өкілдерінің санын күрт арттыру көзделіп отыр. Қазақстандықтардың өмір сүру ұзақтығы 80 жасқа жетеді. Әлемдік деңгейдегі білім беру жүйесін қалыптастыруға көп көңіл бөлініп отыр. Осылайша біз Қазақстанды ең қауіпсіз әрі жайлы елдердің біріне айналдырғымыз келеді", - деді Тоқаев.

Ол Үкіметтің болжамы бойынша биыл Қазақстан экономикасы 5 пайызға өсетінін, ішкі жалпы өнімнің көлемі 36 триллион теңгеге жуықтайтынын, ал алтын-валюта резервтері қазір 105 млрд долларға жеткенін айтты.

Тоқаевтың айтуынша, Қазақстанда жұмыссыздық деңгейін 2000 жылғы 12,8 пайыздан 2013 жылы 5,2 пайызға дейін қысқарту мүмкін болды. Осы уақыт аралығында табысы күнкөріс деңгейінен төмен қазақстандықтардың үлес салмағы 4 еседен астамға азайды, зейнетақы көлемі 6 есеге артты. Білім беру саласының инвестициялары 8 есеге, денсаулық сақтау саласының шығындары 10 есеге өсті. Спикердің мәліметінше, соңғы 15 жылда елімізде 1000 аурухана, 1100 мектеп, 4000 балабақша салынды. Орташа айлық жалақы көлемі 2013 жылдың соңында 107 мың теңгеден асты. 

Айта кетейік, жуырда Қазақстан Президенті Тәуелсіздік жылдары ел экономикасының 16 есеге, ал халықтың әл-ауқатының 15 есеге артқанын мәлімдеген болатын.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай