20 наурыз 2014 11:32

Қазақстан Ең төменгі жалақы туралы конвенцияны ратификациялады

ПОДЕЛИТЬСЯ

фото ©lada.kz сайтынан фото ©lada.kz сайтынан

Бүгін Парламент Сенаты «Ең төменгі жалақыны белгілеу рәсімін жасау туралы конвенцияны (26-конвенция) ратификациялау туралы» ҚР Заңын қабылдады. Конвенция еліміздегі ең төменгі жалақыны белгілеу рәсімінің имплементациясы жөніндегі міндеттемелерді мемлекетке бекітіп береді. Сонымен қатар, Конвенцияны қабылдаған мемлекет ең төменгі жалақыны белгілеу рәсімін сақтау құқығын қамтамасыз етеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Конвенцияна қыбалдаған әрбір мемлекет жалақыны ұжымдық шарт арқылы немесе өзге де жолмен тиімді реттеудің белгілі рәсімі болмаған және жалақысы өте төмен өнеркәсіптің белгілі бір салаларында (атап айтқанда үй шаруашылығында) жұмыс істейтін еңбекшілер жалақысының ең төменгі мөлшерлерін белгілеуге міндеттеледі. "Конвенция экономикалық қызметтің барлық салаларындағы еңбеккерлер құқығын қорғауға бағытталады. Сонымен қатар, ең төменгі жалақыны белгілеу Қазақстанның Ата заңымен кепілдендірілген. Егер еңбеккер белгіленген жұмыс уақытының нормасын толық атқарса, еңбек нормасын толық орындаса оның айлық жалақысы ең төменгі жалақының мөлшерінен, оның ішінде ең төменгі күнкөріс мөлшерінен кем болмауы керек"- деді Сенаттың жалпы отырысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова. Бұдан бөлек, конвенция бойынша ең төменгі мөлшерлемелер қолданылатын және жалақыны анағұрлым төмен мөлшерлемелер бойынша алған жүмысшы өзіне толық төленбеген соманы сот тәртібімен алуға құқығы қаралады. Конвенцияны қабылдай отырып, Сенат депутаттары Үкіметке қатысты бірқатар ұсыныстарды да алға тартқан болатын. "Біріншіден, конвенцияда көрсетілгендей ең төменгі жалақыны белгілеу кезінде мүдделі тұлғаларды, жұмыс берушілер мен жұмысшыларды консультацияға тартып, оларды кеңесуді орынды деп саналады. Өкінішке қарай, бұл біздің бір де бір заңымызда көрсетілмеген. Екіншіден, әр салада, әсіресе қауіпті және зиянды өнеркәсіптерде ең төменгі жалақының әртүрлі болуы әбден орынды. Өйткені, Үкімет белгілейтін ең төменгі жалақының мөлшері біліктілікті қажет етпейтін, қарапайым еңбекке төленетін ақы. Осыған байланысты Үкіметке ұсыныс айтқым келеді. Бұл мәселелердің бәрін үшжақты: Үкімет, Кәсіпкерлер палатасы және кәсіподақ бірлесіп қабылдайтын келісімде нақты қарап, пысықтау қажет", деді сенатор Светлана Жалмағамбетова. Парламент қабылдаған заң Мемлекте басшысының қол қоюына жолданады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети