02 қараша 2016 16:17

Қазақстан халқы Ассамблеясы медиаторларының қатысуымен 8500 дау қаралды - Мәжіліс депутаты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© 24.kz © 24.kz

Қазақстан халқы Ассамблеясы медиаторларының қатысуымен 8500 дау қаралды, деді Парламент Мәжілісінің депутаты, Қазақстан халқы Ассамблеясы Медиация кеңесінің төрағасы Бақытжан Әбдірайым ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Парламенті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Қазақстан халқы Ассамблеясы медиаторларының қатысуымен 8500 дау қаралды, деді Парламент Мәжілісінің депутаты, Қазақстан халқы Ассамблеясы Медиация кеңесінің төрағасы Бақытжан Әбдірайым ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Парламенті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2015 жылғы 31 қазанда Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының жаңа Азаматтық процестік кодексіне (бұдан әрі - АПК) қол қойды. Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығында алғаш рет заңға қол қою рәсімі БАҚ өкілдерінің қатысуымен жариялы түрде өтті. Бұл аталған Кодекстің барша халық үшін маңыздылығын білдіреді.

"2016 жылғы 1 қаңтардан, яғни Кодекстің күшіне ену сәтінен бастап бар болғаны 10 ай өтті, алайда осы уақыт ішінде Кодекс нормалары азаматтық сот ісін жүргізуді жетілдіру, электронды сот ісін жүргізуді дамыту, азаматтардың, мемлекеттің және заңды тұлғалардың бұзылған құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін уақтылы қалпына келтіру және қорғау бойынша өзінің зор әлеуетін көрсетті", - деді Сүлейменова.

Жаңа заңдағы барлық өзгерістер бітімгершілік рәсімдер мен ақпараттық технологияларды кеңінен қолдана отырып, процеске қатысушылар үшін азаматтық істерді қараудың ыңғайлы әрі жылдам тәртібін қалыптастыруға бағытталған.

аңа АПК мен сот ісін жүргізудің басты жаңашылдығы – бес сатылы сот жүйесінен үш сатылы сот жүйесіне көшу. Сот ісін жүргізудің мұндай моделі халықаралық стандарттарға сәйкес келеді.

Сот төрелігіне қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында талап арызды қозғалыссыз қалдыру институты алынып тасталды. Қайтарылған өтініштердің үлесі өткен жылмен салыстырғанда 10,5 пайызға азайды. Талап арыздарды қабылдаудан бас тарту саны 15,1 пайызға азайды. Қараусыз қалдырылған талап арыздардың саны 12,7 пайызға азайды. Сырттай іс жүргізу түрінде қаралған істердің саны 74,7 пайызға төмендеді. Жеңілдетілген (жазбаша) іс жүргізу түрінде қаралған істердің саны 2,3 есеге артты. Жеңілдетілген тәртіппен қаралған істердің аяқталған азаматтық істердің жалпы санындағы үлесі 57,5 пайызды құрады.

2016 жылдың 9 айында бірінші сатыдағы сот тәртібінде инвестициялық даулар бойынша Астана қалалық сотына - 44 өтініш пен іс, Жоғарғы Сотқа ірі инвесторлардан 21 өтініш келіп түсті. Аталған соттар барлығы 45 істі қарады.

Дауларды шешудің баламалы түрлерін қолдана отырып аяқталған азаматтық істердің саны 1,7 есеге артты. Соның ішінде 5640 азаматтық іс немесе барлық істердің 27,8 пайыз бітімгершілік келісімге келу жолымен аяқталды, 14324 іс немесе барлық істердің 70,5 пайыз медиация рәсімдерін қолдана отырып аяқталды, 354 іс немесе 1,8 пайыз партисипативтік рәсімдер арқылы шешімін тапты.  

Өз кезегінде Б.Әбдірайым брифингке қатысушыларды медиация институтының рөлі туралы хабардар етті. Дауларды сотқа дейін және соттан тыс реттеу институтын қолдану аясын кеңейту мақсатында Жоғарғы Сот Қазақстан халқы Ассамблеясымен бірлесіп, Медиация институтын дамыту жөніндегі меморандумға қол қойды. Мұндай меморандумдарға барлық облыс әкімдіктері де қол қойды. Бүгінде әкімдіктер жанынан 827 медиация кабинеті ашылды. Ассамблея медиаторларының қатысуымен 8500 дау қаралды. Бұл даулар соттан тыс өз шешімдерін тапты.

Қайрат Раисов өз баяндамасында жаңа АПК күшіне енгеннен кейін прокуратура жұмысындағы өзгерістер, атап айтқанда, азаматтық процеске прокурорлардың қатысуының азаюы туралы айтты. Ағымдағы жылғы 9 айда сот істерін қарауға прокурорлардың қатысуы шамамен 30 пайызға қысқарды.

Брифинг соңында сот жүйесінің құқық үстемдігін қамтамасыз ету мәселесінде жақсы нәтижелерге қол жеткізіп отырғандығы, оң көрсеткіштердің өсу динамикасы байқалатындығы аталып өтілді. Қазақстан Жаһандық бәсекеге қабілеттілік рейтингісінде "Соттардың тәуелсіздігі" индексі бойынша соңғы үш жылда 18 позицияға (86-дан 68-ге), өткен жылы 4 позицияға (72-ден 68-ге) көтерілді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети