15 сәуір 2015 17:11

Қазақстан халқы бір жыл ішінде 250 мыңға көбейді

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Tengrinews.kz ©Tengrinews.kz

Соңғы жылда Қазақстан халқының саны 250 мыңға көбейді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бүгін Қазақстанның Ұлттық экономика министрлігінің Статистика жөніндегі комитетінің төрағасы Әлихан Смайылов елдегі демографиялық жағдай жайлы соңғы мәліметті жария етті.  


Соңғы жылда Қазақстан халқының саны 250 мыңға көбейді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бүгін Қазақстанның Ұлттық экономика министрлігінің Статистика жөніндегі комитетінің төрағасы Әлихан Смайылов елдегі демографиялық жағдай жайлы соңғы мәліметті жария етті.  

"Бірінші наурыздағы жағдай бойынша Қазақстан халқының саны - 17 миллион 458 адам, оның ішінде қалалықтардың үлесі 55,3 пайыз, ал ауылдағы халықтың саны - 44,7 пайыз. Соңғы 12 айда, 2014 жылдың 14 наурызымен салыстырғанда Қазақстан халқының саны 250 мың адамға көбейді немесе бір жарым пайызға артты", - деді Әлихан Смайылов Астанадағы брифингте. 

АХАЖ органдарының мәліметіне сүйенген Смайылов 2015 жылдың қаңтарынан ақпан айына дейін дүниеге келгендердің саны 63,5 мың адамға жеткенін, яғни бір жарым пайызға азайғанын хабарлады. Қайтыс болғандардың саны 22,7 болды. Елде бір жасқа толмай қайтыс болған балалардың саны - 600. Бұл цифр өткен жылғы көрсеткішке қарағанда 20,6 пайызға төмен. 

"Көші-қон полициясы органдарының мәліметінше, елге келіп тіркелгендердің саны 3006 адам болды. Ал елден кетіп қалғандардың саны - 2782 адам. Келгендер мен кетіп қалғандардың айырмашылығы - 224 адам", - деді Смайылов.

Ресми мәліметтерге қарағанда, көші-қон алмасуы көбінде ТМД елдері бойынша тіркеліп отыр. Республика аймағында көшкендер - 38 пайыз, бұл дегеніңіз елде 80 мың адам басқа қалаға көшті деген сөз. "Өңіраралық көші-қон сальдосы Алматы мен Астана қалаларында, Ақмола облысы, Атырау облысы, Маңғыстау облысы, Қостанай облысы және Павлодар облыстарында байқалып отыр", - деді Статистика жөніндегі комитеттің басшысы.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети