Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.32
EUR / KZT - 392.58
CNY / KZT - 50.02
RUB / KZT - 5.64

Қазақстан халқы Тұңғыш Президент күнін атап өтіп жатыр

01 Желтоқсан 2014, 10:02
3
©Марат Әбілов
©Марат Әбілов

Қазақстан халқы республиканың Тұңғыш Президенті күнін атап өтіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 1 желтоқсан күні бүкіл еліміз бойынша салтанатты шаралар өтеді. Астанада Мемлекет басшысы байрағы салтанатты жағдайда көтеріліп, Мемлекеттік күзет қызметінің Туы табыс етіледі. 

2011 жылдың желтоқсанында Қазақстан Парламентінің Сенатының отырысында Тұңғыш Президенті күнін мемлекеттік мереке ретінде бекіту туралы заң қабылданды. Бұған 1991 жылдың 1 желтоқсанында болған тарихи оқиға негіз болды - республиканың тұңғыш бүкілхалықтық президент сайлауында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев сайлаушылардың 98,7 пайыз дауысына ие болған еді.

"Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев - жаңа тәуелсіз мемлекеттің негізін қалаушы, оның бірлігін, Конституциясын, оның адамы мен азаматының құқықтары мен бостандықтарын қорғауды қамтамасыз етуші. Тұңғыш Президенттің жетістіктері халық тарапынан зор, талас туғызбас құрмет пен сенімге ие", - делінді Сенаттың аталған заң жобасы жөніндегі қорытындысында.

Айта кетейік, биыл қазақстандықтар бұл датаны үшінші рет атап өтіп жатыр. Елімізде 1 желтоқсан - демалыс күні.


Нравится
Поделиться
Пікірлерді көру (3)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай