24 маусым 2014 20:58

Қазақстан жақсы елдер рейтингінде Беларусь пен Ресейдің алдын орап кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тengrinews.kz иллюстрациясы Тengrinews.kz иллюстрациясы

Жақсы елдердің рейтингінде Қазақстан 80-орында тұр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Goodcountry.org сайтына сілтеме жасап. Жақсы елдердің тізімін саясат жөніндегі тәуелсіз кеңесші Саймон Анхольт жасаған. Оның ақпараты бойынша Беларусь 82-орында, ал Ресей 95-орында.


Жақсы елдердің рейтингінде Қазақстан 80-орында тұр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Goodcountry.org сайтына сілтеме жасап. Жақсы елдердің тізімін саясат жөніндегі тәуелсіз кеңесші Саймон Анхольт жасаған. Оның ақпараты бойынша Беларусь 82-орында, ал Ресей 95-орында.

Рейтингте әрбір мемлекет білім мен технология, мәдениет, халықаралық достық пен қауіпсіздік, ғаламшар және оның ахуалы, адамдардың өмір сүру жағдайы мен тепе-теңдігі, денсаулығы, байлығы жөнінде бағаланған. Бұл тізімде Қазақстан денсаулық сақтау және игі істерді атқару айқындамасында – ең жоғары сатыда. Біздің Республикамыз азық түлік тасымалдап халықаралық көмек және қаржылық қайырымдылық көрсеткені үшін, есірткі бизнесіне  қарсы тұрып, ДДСҰ-ны қаржыландырғаны үшін 23-орынды иеленген. Бұдан да жоғары орыннан көріну үшін бізге дәрі-дәрімек экспортының жоқтығы кері әсерін тигізген. 

Айта кетейік, жақсы мемлекеттердің рейтингіне 125 елдің көрсеткіштері кірген. Бұл тізімде бірінші орында - Ирландия, екінші орында - Ливия. Ол мемлекеттердің барлығы да адамзаттың игілігі үшін жасаған әрекеттерімен бағаланған.

Тізімді жасау барысында автор БҰҰ-ның және өзге де халықаралық ұйымдардың мәліметтерін пайдаланған. Оның айтуы бойынша, дамыған елдердің рейтингі әрбір мемлекеттің өз азаматтарына деген жауапкершілігі мен әлемнің игілігі үшін жасаған қадамдарына ғаламдық пікір талас тудыруы мүмкін.

 

 

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.15   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети