14 маусым 2016 17:04

Қазақстан жедел түрде әскери-тасымал ұшақтарын сатып алады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Қазақстан премьер-министрі әскери-тасымал ұшақтарын сатып алу жөніндегі мәселені қарастыруды тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстан премьер-министрі әскери-тасымал ұшақтарын сатып алу жөніндегі мәселені қарастыруды тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қорғаныс министрлігі Ұлттық қауіпсіздік комитетімен, Ішкі істер министрлігімен және Қаржы министрлігімен юбірге бір апта уақыт ішінде үлкен жүк көтергіштікке ие әскери-тасымал ұшақтарды алу туралы мәселе бойынша ұсыныстар айту керек", - деп мәлімдеді Мәсімов үкімет отырысында.

Сонымен қатар, ол ҚР Президентінің Қауіпсіздік кеңесінің отырысында Ақтөбеде болған қайғылы жағдайға байланысты берген тапсырмаларына қатысты атқарылуы тиіс шараларды атап өтті.

"Мемлекет басшысы экстремизм мен терроризмге қарсы күресуге арналған тапсырмаларды айтты. Онымен Ұлттық қауіпсіздік қызметі айналысады. Бұл жұмыс тобы бір апта уақыт ішінде нормативті-құқықтық және ұйымдастырушылық мазмұндағы жоспарларды нақты ұсыныстармен айту керек. Сонымен қатар, Ұлттық қауіпсіздік комитеті мемлекеттік органдармен біріге отырып, бір ай уақыт ішінде экстремизммен және терроризммен күресуге, қаруды айналымға шығару мен көші-қонды реттеуге бағытталған заңның жобасы мен басқа да нормативті-құқықтық актілерді жасауы тиіс. Ал Ұлттық экономика министрлігіне мемлекеттік органдармен біріге отырып, Президенттің жарлығын үкімет жобасына бір апта уақыт ішінде енгізуді тапсырамын", - деді Мәсімов.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети