27 қаңтар 2016 15:30

Қазақстан жемқорлық деңгейі бойынша рейтингте 123-орында

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Bilan.ch © Bilan.ch

Transparency International нұсқасы бойынша, Қазақстан жемқорлық жөнінен рейтингте позициясын арттырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Айта кетейік, мекеме рейтингі жыл сайын жасалады.


Transparency International нұсқасы бойынша, Қазақстан жемқорлық жөнінен рейтингте позициясын арттырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Айта кетейік, мекеме рейтингі жыл сайын жасалады.

Баяндамада 2015 жылдың қорытындысы бойынша ҚР 2014 жылмен салыстырғанда 3 орынға көтеріліп, 123-орыналғаны айтылған. Қазақстан 123-орынды Гватемала, Қырғызстан, Мадагаскар және Шығыс Тимормен бөлісіп отыр.

Айта кетейік, жемқорлық индексі сарапшылар мен кәсіпкерлер беретін бағаға және елдегі жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылықтардың негізінде қалыптасады. Әр ел 0-100 балл аралығында, яғни жемқорлықтың максималды деңгейінен оның мүлде болмауына дейін балл жинайды. 2015 жылдың қорытындысы бойынша, Қазақстан 28 балға ие болды. Еліміз рейтингте Иран, Непал және Украина елдерін басып озды.

Тізімнің басына 98 балл жинаған Дания шықты. Екінші орынды Финляндия (90 баллмен), үшінші орынды Швеция (89мен) алды. Жемқорлық өте аз кездесетін 10 елдің қатарына Жаңа Зеландия, Нидерланды, Норвегия, Швейцария, Сингапур, Канада кірді, ал Германия, Люксембург және Ұлыбритания оныншы орынды өзара бөлісті.

Ресей тізімде 119-орынға шықты, өткен жылы бұл ел 136-орында болған еді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети