19 ақпан 2016 19:03

Қазақстан кәсіпкерлерінің құқығын қорғау жөніндегі уәкіл тағайындалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© primeminister.kz © primeminister.kz

Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.


Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысының Өкімімен Болат Әбілқасымұлы Палымбетов Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл қызметіне тағайындалды", - делінген хабарламада.

Палымбетов Болат Әбілқасымұлы 1961 жылы 28 шілдеде Қызылорда облысының Шиелі ауданында туған. Қазақ политехника институтын, Еуразия нарық институтын бітірген.

1990-1991 жылдары - "Қайсар" өндірістік кешені төрағасының орынбасары, Республикалық жүйелі зерттеулер орталығы қолданбалы зерттеулер бөлімінің меңгерушісі. 1991-1992 жылдары - "Жастар" жастар қоры кеңесінің төрағасы, "Олжа" шағын кәсіпорны директорының орынбас-ары. 1992-1993 жылдары - Алматы қалалық жастар ісі комитеті экономика бөлімінің меңге-рушісі, "Астана-Полис" сақтандыру фирмасының директоры. 1993-1997 жылдары - "Астана-Инвест" инвестициялық жекешелендіру қорының басқарушысы. 1997-1998 жылдары - "Аста-на-Холдинг" Корпорациясы" ЖАҚ-ының президенті, бақылау кеңесінің төрағасы. 1998-1999 жылдары - "Қазақстан халықтық жинақ банкі" ААҚ басқармасы төрағасының орынбасары. 1999-2001 жылдары - Атырау облысы әкімінің орынбасары. 2001-2002 жылдары - Қазақстан Республикасы Экономика және сауда вице-министрі, "ҚазТрансОйл" ЖАҚ бас директорының орынбасары, бас директоры, "Мұнай және газ тасымалдау" Ұлттық компаниясы" ЖАҚ бас ди-ректорының бірінші орынбасары. 2002-2006 жылдары - Маңғыстау облысының әкімі. 2006 жылы - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі. 2007 жылы - "Меркурий" АҚ директорлар кеңесінің төрағасы. 2007-2010 жылдары - "Каспий" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" Ұлттық компаниясы" АҚ-ының басқарма төрағасы. 2010-2011 жылдары - "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ басқарма төрағасының орынбасары - басқарушы директоры. "ҚазПетроМаш" компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы қызметінде болған. "Құрмет", 3-дәрежелі "Ерен еңбегі үшін" ордендерімен марапатталған, экономика ғылымының кандидаты. "Самұрық-Қазына" жылжымайтын мүлік қоры" АҚ басқарма төрағасы болған. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети