Қазақстан Конституция күнін атап өтіп жатыр

30 Тамыз 2014, 09:39
0
Қазақстан Конституция күнін атап өтіп жатыр - Қазақстан Республикасының Конституциясы
Қазақстан Республикасының Конституциясы

Қазақстан Конституция күнін атап өтіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Аталған мереке күні ел азаматтары үш күн - 30, 31 тамызда және 1 қыркүйекте демалады. 

Ата заң 19 жыл бұрын, яғни 1995 жылы 30 тамызда жалпыхалықтық референдуммен қабылданған. Оған 8 миллионнан астам адам қатысқан. Бұл құжатқа сәйкес, Қазақстан президентпен басқарылатын мемлекет ретінде, ал 30 тамыз мемлекеттік мереке - Қазақстан Республикасының Конституция күні боп жарияланды. 

Конституцияның бірінші бабында Қазақстан өзін ең биік құндылығы адам және оның өмірі, құқығы, еркіндігі боп табылатын демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде бекітті. ҚР Конституциясына 1998, 2007 және 2011 жылдары бірқатар өзгерістер енгізілді.

Бұл күні Қазақстанның барлық өңірлерінде мерекелік шаралар өткізіліп жатқандығын баса айта кетелік.

 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай