23 қаңтар 2020 12:16

Қазақстан ІІМ ардагері Санкт-Петербургте көз жұмды: оқиға орнында түсірілген видео пайда болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Вячеслав Жексенов. © emer.gov.kz Вячеслав Жексенов. © emer.gov.kz

Желіде Қазақстанның ІІМ ТЖК подпоковнигінің Санкт-Петербургте көз жұмған жерінде түсірілген видео жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Желіде Қазақстанның ІІМ ТЖК подпоковнигінің Санкт-Петербургте көз жұмған жерінде түсірілген видео жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Ren.tv телеарнасы 21 қаңтарда Дегтярный көшесінің бойында 62 жастағы Вячеслав Жексеновтің жерде жатқанын жазды. Ер адам басынан ауыр соққы алған. Зардап шеккен ер адамды Марин ауруханасына алып кеткен, алайда аман алып қалу мүмкін болмаған. Ер адам ауруханаға жеткізілген соң бір сағаттан кейін қайтыс болған. 

Оқиға орнында бейне бақылау камералары жоқ. Алайда Ren.tv арнасының құзырында оқиға болған жерден алыс емес жерде түсірілген видео пайда болған. Онда жасөспірімдер зардап шеккен адамға жедел жәрдем мамандарына жол сілтегенін байқауға болады

Осы іске қатысты оқушылар күдікке ілінді. Фонтанка.ру басылымының мәліметінше, ер адам темекі түтініне байланысты оқушылармен диі жанжалдасатын болған: балалар оның терезесінің алдында темекі шегетін болған. Күдіктілер ұсталды. Болжаммен олар ер адамның артынан келіп, басынан соққы жасаған. Заттай дәйек ретінде оқиға орнынан үш темекінің тұқылы табылған.

Алайда кейін ұсталғандарды босатқан, себебі қайтыс болған адамның денесінен соққы іздері табылмаған. Төбелестің куәгерлері де табылмаған. 

Тергеушілер Вячеслав Жексеновтің зорлық құрбаны емес, өз үйіне кіре берісте құлаған болуы мүмкін деген тұжырымға тоқталған. 

Қазақстан Республикасы ІІМ ТЖК сайтында 62 жасар Вячеслав Жексенов өртке қарсы қызмет подполковнигі, өрт-қолданбалы спорт бойынша спорт шебері, өрт-қолданбалы спорт бойынша бірнеше дүркін ел чемпионы болғанын жазған. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети