Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Қазақстан мектептерінде 2016 жылдан бастап дінтану пәні оқытылатын болды

22 Шілде 2015, 18:22
3
© tsn24.ru
© tsn24.ru

2016 жылдан бастап Қазақстан мектептерінде дінтану пәні оқытылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстанның Білім және ғылым министрлігіне сілтеме жасап.

"Министрдің 2014 жылдың 15 шілдесі күнгі №281 бұйрығымен тоғызыншы сыныптың типтік "Ақсүйектік және дінтанудың негіздері" атты оқыту бағдарламасы бекітілді. Бұл бұйрық 2016 жылдың 1 қыркүйегінен бастап қолданысқа енгізіледі", - дейді министрліктегілер.

"Ақсүйектік және дінтанудың негіздері" пәнін біліктілікті арттыруға арналған арнайы курстардан өткен, кеңестік және қазақстандық дінтанушы әрі философ Ғарифолла Есімнің жетекшілігімен авторлық ұжым әзірлеген оқулықтар бойынша қайта дайындалған тарихтың мұғалімдері жүргізетін болады.

Сонымен қатар, ведомство мәліметінше, қазіргі таңда "Дінтану негіздері" пәні факультативтік курстар түрінде тоғызыншы сыныпта оқытылады, яғни ол қазір мектеп үшін міндетті негізде жүргізілмейді. Курсты оқыту көлемі аптасына - 1 сағат, ал жылына - 34 сағат.


Нравится
Поделиться
Пікірлерді көру (3)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай