Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.08
EUR / KZT - 391.50
CNY / KZT - 50.00
RUB / KZT - 5.64

Қазақстан мен АҚШ әскері бірлескен оқу-жаттығу өткізеді

27 Қаңтар 2015, 19:10
0
©ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі
©ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Қазақстан әскері "Дала қыраны-2015" халықаралық оқу-жаттығуын АҚШ Қарулы Күштерімен қатысуымен өткізеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Алматы қаласындағы 61993 әскери бөлімінің базасында АҚШ Қарулы Күштері өкілдерінің қатысуымен «Дала қыраны-2015» халықаралық тактикалық-арнайы бітімгершілік оқу-жаттығуын жоспарлау басталды. 8 адамнан тұратын АҚШ делегациясын майор Джастин Колберт бастап келді", - делінген хабарламада. Бұл іс-шараның мақсаты "Дала қыраны-2015" халықаралық тактикалық-арнайы бітімгершілік оқу-жаттығуының жоспар-ниетін талқылау, жоспарлау және бекіту екені айтылған.

Қорғаныс министрлігі өкілдерінің мәліметінше, биыл Қазақстан тарапынан "Қазбат" бітімгершілік батальонының барлық жеке құрамы және ҚР ҚК Аэроұтқыр әскерлері "Қазбриг" бітімгершілік бригадасы штабы қатысады деп жоспарланды.

"Естеріңізге сала кетсек, "Дала қыраны-2015" оқу-жаттығуы "Қазбригтің" бейбітшілікті қолдау және біріккен қолбасшылықпен көпұлтты күштер құрамында міндеттерді атқару қабілетін тексеруге бағытталған", - делінген баспасөз хабарламасында.

Аталған оқу-жаттығу 2003 жылдан бері өткізіліп келеді. Жыл сайын оқу-жаттығуға 1 500-ден астам адам жұмылдырылып, шет мемлекеттердің әскери бақылаушылары, НАТО түрлі штабтарының сарапшылары, Қазақстан Республикасында тіркелген әскери-дипломатиялық корпус шақырылады.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай