19 мамыр 2014 17:48

Қазақстан мен Қытай басшылары Ляньюньган терминалының құрылысын бастап берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ляньюньган порты ©maxtie.com Ляньюньган порты ©maxtie.com

Бүгін Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Қытай халық республикасының төрағасы Си Цзиньпин Тынық мұхиттағы Ляньюньган логистикалық терминалының құрылысын ресми түрде бастап берді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Бүгін Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Қытай халық республикасының төрағасы Си Цзиньпин Тынық мұхиттағы Ляньюньган логистикалық терминалының құрылысын ресми түрде бастап берді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Ляньюньган порты географиялық жағынан аса тиімді жерде орналасқан. Теміржол арқылы ол Қытайдың ірі қалаларын байланыстырса, теңіз жолымен кореялық Пусан және жапондық Осака порттарына шығуға мүмкіндік береді. Қазақстан ол арқылы Тынық мұхитқа емін-еркін шығып, жүк тасымалына кететін уақытты 3,5 есеге қысқарта алады. Қазіргі жоспарға сәйкес, 2015 жылға қарай Ляньюньган терминалы арқылы өтетін экспорттық және транзиттік тасымалдың көлемі 250 мың жиырма футтық эквивалентке (ЖФЭ - контейнерлік сыйымдылықтың өлшемі) дейін жетеді. Ал тағы бес жылдан кейін бұл көрсеткіш екі есеге өсуі әбден мүмкін. Жобаның жалпы құны - 99,3 миллион доллар.

Айта кетейік, бүгін Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік сапармен Қытай халық республикасына барды. Мемлекет басшысы ҚХР төрағасы Си Цзиньпинмен жеке-дара кездесті. Кездесу кезінде бірқатар құжаттарға қол қойылды. Содан соң, екі елдің басшылары Ляньюньган терминалының құрылысын ресми түрде бастап берді. Нұрсұлтан Назарбаев Азиядағы өзара іс-қимыл мен сенім шаралары кеңесінің IV саммитіне қатысады деген жоспар бар. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети