Қазақстан мен Қытай шекарасында магнитудасы 3,3-ке тең жер сілкінісі болды 28 қаңтар 2016, 10:59

Қазақстанның Қытаймен шекарасында магнитудасы 3,3-ке тең жер сілкінісі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Еуропа-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығына сілтеме жасап.
Жерасты дүмпулері 28 қаңтар күні сағат 01.34-те Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 347 шақырымда тіркелген. Зілзаланың ошағы Қазақстан мен Қытайдың шекарасында болды. Жер сілкінісінің эпицентрі - 1 шақырым тереңдікте.