04 қазан 2016 13:37

Қазақстан мен Ресей 4 миллиард долларға 27 инвестициялық жобаны іске асыруға дайын - Бишімбаев

ПОДЕЛИТЬСЯ

© pm.kz © pm.kz

Қазақстан мен Ресей 4 миллиард долларға 27 инвестициялық жобаны іске асыруға дайын, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі премьер-министрдің сайтына сілтеме жасап.


Қазақстан мен Ресей 4 миллиард долларға 27 инвестициялық жобаны іске асыруға дайын, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі премьер-министрдің сайтына сілтеме жасап.

Қазақстан мен Ресей шамамен 4 миллиард доллар сомасына экономиканың түрлі саласындағы 27 инвестициялық жобаны іске асыруға келісті.

ҚР Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев Қазақстан мен Ресейдің аймақаралық ынтымақтастығының XIII форумы барысында Ресейдің экономикалық даму министрі Алексей Улюкаевпен кездесу өткізді.

Кездесу барысында министрлер Қазақстан-Ресей қарым-қатынасының тұрақтылығы мен интеграциялық үрдістерді тереңдету мәселелерін қарастырып, екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады, сонымен қатар, екі ел үкіметтерінің дағдарысқа қарсы шараларына қатысты пікірлерімен алмасты.

"Ортақ сауда-экономикалық қарым-қатынастарды нығайту бойынша бірлескен әрекеттер жоспарын бекітетін хаттамаға қол қойылды. Жоспарда 45 ортақ шара бар. 2017 жылы тауар айналымын 700 миллион долларға жеткізуді күтіп отырмыз, болашақта бұл дағдарысқа дейінгі деңгейге шығуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, жобада 4 миллиард доллар сомасының 27 нақты инвестициялық жобасын жүзеге асыру қарастырылған. Бұл машина жасау, металлургия, ауыл шаруашылығы жобалары және тағы да басқа жобалар. Бұл қазіргі таңда іске асырылып жатқан немесе 2017 жылы бастау алатын нақты уағдаластықтар, - деді Қуандық Бишімбаев.

Сонымен қатар, ведомство басшысы Ресей мен Қазақстандағы тауар айналымының соңғы жылдары айтарлықтай төмендеп кеткенін айтып өтті.

"Біздің өзара сауда айналымымыз 2014 жылмен салыстырғанда 25 пайызға төмендеді, бұл негізінен экономикалық жағдайға байланысты болып отыр. Сол себепті де біздің тауар өндірушілерімізге ол жаққа шығу қиындық туғызып отыр, себебі Ресейде де тұтынушылық сұраныс деңгейі азайған. Көптеген мәселелер сауда кедергісіне емес, ортақ экономикалық мәселеге байланысты. Ресей - біздің сауда айналымымыздың 20 пайызы", - деді ол.

Министр қосарлы салық салу тетігін, РФ нарығына шығудың көлік пен қазақстандық тауарлардың логистикасын жетілдіру қажет екендігін айтты.

"Біздің тауар өндірушілерімен ЕАЭО шеңберіндегі жаңа талаптарға, қауіпсіздік талаптарына сай болуы керек. Ықпал етуге болатын, әкімшілік алаң да бар, бірақ жалпы біздің тауар өндірушілерімізді Ресей нарығына шығармай ұстап тұратын тікелей шектеулер жоқ. Басқа сұрақтардың барлығының шешімі бар, және оларды салалық қауымдастықтар деңгейінде шешу керек", - деді Қуандық Бишімбаев.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети