05 қазан 2016 17:04

Қазақстан мен Ресей пойыздарды шекаралық бақылау жүргізбей өткізуге келісті

ПОДЕЛИТЬСЯ

© tengrinews.kz © tengrinews.kz

Қазақстан мен Ресей аялдамасыз жолаушылар пойыздарын шекаралық бақылау жүргізбей өткізуге келісті, - деп хабарлайды премьер-министрдің сайты
 
Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ресей Федерациясы Үкiметiнiң арасындағы темiржол көлiгi кәсiпорындарының, мекемелерi мен ұйымдарының қызметiн құқықтық реттеудiң ерекшелiктерi туралы келiсiмге өзгерістер енгізу туралы хаттамаға 4 қазанда қол қойылды.

Құжатқа сәйкес тараптар РФ аумағындағы ҚР темір жол учаскелерінде және ҚР аумағындағы РФ темір жол учаскелерінде жолаушылар және жүк пойыздарының мемлекеттік шекара арқылы өтуін бақылау рәсімдерін жүргізбей, соның ішінде шекаралық бақылауды жүргізбей өткізуге келісті.

Бұл, Қазақстан үшін аялдамасыз пойыздарды ұйымдастыру кезінде Батыс Қазақстан облысы мен орталық және оңтүстік өңірлер арасындағы жолаушылар тасымалының уақытын 10 сағаттан аса қысқартуға мүмкіндік береді.

ҚР ИДМ мәліметінше, қол қойылған хаттама ратификацияланғаннан кейін Астана-Орал және Алматы-Орал қатынасындағы жүрдек жолаушылар пойыздары ұйымдастырылады деп жоспарлануда.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети