1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Қазақстан мен Ресей Сыртқы істер министрлері Өскеменде кездеседі04 тамыз 2014, 12:24

Сергей Лавров пен Ерлан Ыдырысов. ©Тengrinews.kz Сергей Лавров пен Ерлан Ыдырысов. ©Тengrinews.kz

Қазақстан мен Ресейдің Сыртқы істер министрлері Ерлан Ыдырысов пен Сергей Лавров Өскеменде кездеседі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"6-7 тамызда Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың Қазақстанға, Өскемен қаласына сапары болады", - делінген хабарламада.

Ведомствоның мәліметінше, сапар шеңберінде 6 тамыз күні сағат 16.00-де Сергей Лавровтың ҚР СІМ басшысы Ерлан Ыдырысовпен кездесуі болады, содан кейін екеуі бұқаралық ақпарат құралдарына алдына бірлесіп шығады.