Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық ынтымақтастық форумы келесі жылы Уфада өтеді

30 Қыркүйек 2014, 21:27
0
Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық ынтымақтастық форумы келесі жылы Уфада өтеді - Тengrinews © иллюстрация
Тengrinews © иллюстрация

Башқұртстан президенті Рустам Хамитов Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық ынтымақтастық форумын келесі жылы Уфа қаласында өткізуге ұсынысын білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Атыраудан.

"Башқұртстан өңіраралық кластерлердің қалыптасуына қатысуға әзір. Башқұртстан мен Қазақстан арасындағы байланысты нығайту үшін мен мынадай ұсыныс айтамын: Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық ынтымақтастық форумын 2015 жылы Уфада өткізу керек. Бұл ұсынысты қабыл алуларыңызды сұраймын", - деді ол Атырауда өткен өңіраралық ынтымақтастық форум барысында.

Жиын барысында Нұрсұлтан Назарбаев бұл ұсынысты қабыл алатынын жеткізді.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай