Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Қазақстан мен Ресейдің шекара маңы ынтымақтастығы ЭКСПО-2017 келушілер ағынын арттырады

05 Қазан 2016, 09:46
0
© pm.kz
© pm.kz

Қазақстан мен Ресейдің шекара маңы ынтымақтастығы ЭКСПО-2017 келушілер ағынын арттырады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі премьер-министрдің сайтына сілтеме жасап.

"Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясы Қазақстан мен Ресейдің ХІІІ өңіраралық ынтымақтастық форумы қарсаңында Ресей Федерациясындағы бірнеше облыстармен ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойды.

"Ресейдің 14 өңірімен, оның ішінде 12 шекаралас облыстар, 34 млн астам тұрғыны бар Татарстан Республикасы Свердловск облысынан көрмені тамашалауға көптеген туристер келеді деп отырмыз. Бүгінгі меморандумға қол қою Ресей Федерациясының өңірлерімен ынтымақтастықты нығайтып, Ресейден ЭКСПО-ға келушілер санын арттыруға ықпал етеді деген үміттеміз", - деді өз сөзінде "Астана ЭКСПО-2017" ҰК" АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімов.

Меморандум аясындағы негізгі мақсат - туристік қызметтің инфрақұрылымын дамыту, ЭКСПО-2017 көрмесіне Ресей Федерациясы облыстарынан келушілерді тарту, баламалы энергия көздерін пайдалану, «жасыл» технология және т.б. саласындағы инвестициялық жобаларды дамыту мен зерттеу.  

"Астана ЭКСПО-2017" көрмесі тақырыбының өзектілігін ескере отырып, ең алдымен өз пікірі бар, болашақ технологиясына, баламалы энергияны пайдалану бағытына қызығушылық танытып жүрген жандар келеді. Астрахань облысы - желі мен күні мол өңір. Сондықтан да біз үшін, әсіресе бизнес пен кәсіби сала мамандарына бұл өте қызықты. Турист ағымына қатысты, біз Астананы, ЭКСПО-2017 көргіміз келеді. Қазіргі таңда логистика мәселесін мейлінше тиімді ету үшін турагенттіктермен тығыз қарым-қатынаста жұмыс жасап жатырмыз", - деп қорытындылады РФ Астрахань облысының губернаторы Александр Жилкин.

Басқосу барысында РФ бірқатар облысының губернаторларымен ынтымақтастық меморандумына қол қойылды.  


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай