04 қараша 2016 20:18

Қазақстан мен Сербия Президенттері уағдаластықтардың іске асырылуы барысын талқылады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© akorda.kz © akorda.kz

Қазақстан Президенті Сербия Республикасының Президенті Томислав Николичпен телефон арқылы сөйлесті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.


Қазақстан Президенті Сербия Республикасының Президенті Томислав Николичпен телефон арқылы сөйлесті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Әңгіме барысында тараптар өзара іс-қимылдың өзекті мәселелерін, соның ішінде Нұрсұлтан Назарбаевтың Белградқа 2016 жылғы 23-25 тамыздағы ресми сапарының қорытындысы бойынша қол жеткізілген уағдаластықтардың іске асырылуы барысын талқылады.

Екі елдің көшбасшылары Қазақстан мен Сербияның достық қарым-қатынасын одан әрі нығайту бағытында бірлесіп, белсене жұмыс жүргізуге әзір екендігін айтты.

Мемлекет басшысы ынтымақтастықты жан-жақты нығайту үшін Сербия Премьер-министрі Александр Вучичтің Қазақстанға биылғы қараша айындағы сапарының маңыздылығын атап өтті.

Телефон арқылы сөйлесуге Сербия тарапы бастамашы болды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети