21 наурыз 2014 11:52

Қазақстан "Наурыз" мерекесін тойлауда

ПОДЕЛИТЬСЯ

Наурыз мейрамы. ©Ярослав Радловский Наурыз мейрамы. ©Ярослав Радловский

Қазақстандықтар көктемгі "Наурыз мейрамын" тойлауда, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Наурыз - бұл күн мен түннің теңесіп, жаңа жылдың келуі. Республика бойынша Наурызды 21 және 23 наурыз аралығында үш күн тойлайды. Бұл күндер демалыс ретінде жарияланған. Мейрам күндері жұма, сенбі, жексенбіге тура келгендіктен қазақстандықтар бес күн демалатын болады. Ертеректе хабарлағанымыздай, Наурызға байланысты Республика алаңы жабылады. 22 наурыз күні Алматы тұрғындары мен қонақтарын Қазақстанның өнер жұлдыздарының қатысуымен концерт күтіп тұр. 14.00 мен 16.00 аралығында Республика алаңында "Алмалы КZ" балалар шығармашылығы фестивалінің қатысушыларымен гала-концерт өтеді. 17.00 мен 20.00 аралығында алматылықтар үшін қазақстандық танымал топ "JCS" өнер көрсетіп, "Nomad" каскадерлерінің қойылымы болады. Ал, мерекелік кеш 22.00-де басталатын отшашумен аяқталады. Сондай-ақ бұл күндері Астана тұрғындарын да мерекелік шаралар күтіп тұр. Елордамызда Наурыз мерекесін тойлау 19 наурыз күні Максим Горький атындағы мемлекеттік академиялық драма театрында өтетін "Леопольд мысықтың туған күні" спектаклімен басталады. 17 және 19 наурызда Оқушылар сарайында "Наурыз аруы" ертегісінің премьерасы болады. 19 наурызда Қазақ агротехникалық университетінде "Армысың, әз-Наурыз! жәрмеңкесі өтсе, 21 наурыз күні қала тұрғындары мен қонақтары үшін Конгресс-холда "Наурыз мейрамы-2014" көрмесі өтеді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети