04 қазан 2014 12:10

Қазақстан Президенті әлемнің барша мұсылман қауымын құттықтады

ПОДЕЛИТЬСЯ

 Даниал Окасов© Даниал Окасов©

Қазақстан Республикасының Президенті "Хазірет Сұлтан" мешітіне болды. Ол арада Елбасы мұқым қазақстандықтар атынан мұсылман әлеміне құттықтау жолдады деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстан Республикасының Президенті "Хазірет Сұлтан" мешітіне болды. Ол арада Елбасы мұқым қазақстандықтар атынан мұсылман әлеміне құттықтау жолдады деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Жер бетіндегі барлық мұсылманның ұлы мерекесі - бүгінгі Құрбан айт мейрамымен әлемнің бүкіл мұсылман қауымын барша қазақстандықтар атынан құттықтаймын. Қазақстан мұсылмандарын да осы тамаша мерекесімен құттықтаймын, шалған Құрбандығымыз біздің қалағанымызды қабыл еткізсін, барлығымыздың тілегіміз бен оқыған дұғамыз Алланың құлағына шалынып, туған жерімізде мәңгілік тыныштық, бейбітшілік, амандық орнасын! Қазақстанның тәуелсіздігі мәңгілік болсын және әр отбасына, әр шаңыраққа құт-береке, мейірім және бақыт дәні себілсін. Барлықтарыңызды мерекелеріңізбен құттықтаймын!" деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Алдында Нұрсұлтан Назарбаевтың қазақстандықтарды Құрбан айт мерекесімен құттықтауы Ақорда сайтында жарияланды деп хабарланған болатын.

Онда Президент Құрбан айт мерекесі ежелден мұсылман қауымының бейбітшілік, бірлік, мейірімділік пен өзара көмек сияқты мәңгі адами құндылықтарды нығайтатын ең басты мерекелерінің бірі деп атап өткен.

"Қастерлі Құрбан айт мерекесі игіліктің, мейірімділіктің, кең пейілділіктің, жақындарға жанашырлық пен қамқорлықтың салтанат құруының нышаны. Бұл күндері жетімдерге, қарттарға, мүгедектерге және барша мұқтаж жандарға көрсетілетін көмек жүректерді ізгілік пен ризашылыққа толтырады.Жаратушымыз тілектерді қабыл етіп, құт-береке сыйласын! Елімізде әрқашан бейбітшілік, бірлік және келісім болсын! Барша қазақстандықтарға зор денсаулық, сәттілік және амандық тілеймін!" делінеді құттықтауда. 

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети