14 мамыр 2019 14:11

Қазақстан Президенті "Жан-Арай" агроиндустриялық кешенінің жұмысымен танысты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© akorda.kz © akorda.kz

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Жан-Арай" агроиндустриялық кешенінің жұмысымен танысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.


Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Жан-Арай" агроиндустриялық кешенінің жұмысымен танысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы күріш өңдеу ісіне мамандандырылған агроиндустриялық кешенде болып, оның жұмысымен танысты.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа зауыттың негізгі шығаратын өніміне қатысты мәлімет берілді.

Сонымен қатар, Қазақстан Президенті ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілермен әңгімелесіп, бұл саланы өркендетудің басты бағыттарын атап көрсетті.

"Ауыл шаруашылығы - әлеуеті өте зор, стратегиялық маңызды сала. Бұл саладағы мәселелерді жақсы білеміз. Мемлекет оларды шешудің барлық мүмкіндіктерін қарастырады", - деді Мемлекет басшысы.

Соңында Қасым-Жомарт Тоқаев өңір еңбеккерлеріне зор табыс тіледі.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети