Қазақстан Президенті кадр мәселесін қалай шешетінін айтты

13 Желтоқсан 2015, 21:20
0
Қазақстан Президенті кадр мәселесін қалай шешетінін айтты - © akorda.kz
© akorda.kz

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев кадр мәселесі бойынша шешімді қалай қабылдайтыны жөнінде тәжірибесімен бөлісті. Бұл туралы ол республикалық телеарналарға берген сұхбаты барысында айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Менде қағида бар - адамды қызметке тағайындасаң, ол табыс әкелуі тиіс, егер ол сол қызметте табысқа жетпесе оны ары қарай сүйреуге болмайды, сондықтан мен сол қызметте табысқа жеткендерді ғана сүйреуге тырысамын. Әрине, оның білімін, өмірлік тәжірибесін, ол жүріп өткен баспалдақтарды есепке алып, моральдық жағын бағалауға тырысамыз. Кейбір мамандықтар бойынша олар полиграфтан өтіп жатыр - ҰҚК полициясы, арнайы органдар, прокуратура тексеріліп жатыр, сондықтан оның түрлі жолы бар", - деді Президент.

Ол 1 қаңтардан бастап заңды күшіне енетін мемлекеттік қызмет туралы заңның қабылданғанын еске салды. Назарбаевтың айтуынша, бұл заңға сәйкес, мемлекеттік қызметкерлер меритократия қағидалары бойынша таңдалатын болады. "Меритократия дегеніміз сатыдан асып түспеу. Сот құрамы, соның ішінде судья төменгі соттарда жұмыс істеуі керек, емтихан тапсыруы тиіс, сынақ мерзімінен өтуі тиіс және сол кезде ғана судья болып тағайындалуы керек. Менің ойымша, бұл өте жақсы сүзгіш, адалдар түсуі үшін (мемлекеттік қызметке - Авт.), ұлтына, жеріне қарап емес, біліміне, тәжірибесіне, мамандануына қарай. Бізге өз ісінің мамандары қажет", - деді Назарбаев.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай