08 маусым 2017 16:11

Қазақстан Президенті мен ҚХР басшысы біріккен жаңа жоба бастады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© akorda.kz © akorda.kz

ҚХР-дың Қазақстанға келген үкіметік делегациясының ресми сапары аясында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпиннің қатысуымен "Қазақстан - Қытай - Еуразияның транзиттік көпірі" аты телекөпір өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


ҚХР-дың Қазақстанға келген үкіметік делегациясының ресми сапары аясында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпиннің қатысуымен "Қазақстан - Қытай - Еуразияның транзиттік көпірі" аты телекөпір өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Телекөпір барысында Мемлекет басшылары Еуразия кеңістігіндегі жаңа контейнерлік сервис түрі  - қазақ-қытай Ляньюньган терминалы мен "Қорғас - Шығыс қақпасы" арнайы экономикалық аймағы атты құрғақ портын іске қосты. 

"Сізді Астана қаласында өтетін EXPO-2017 көрмесінде күтемін. Менің жеке шақыртуымды қабылап, Қазақстан үшін және бүкіл әлем үшін осындай маңызды іс-шараға келу туралы шешім қабылдағаныңызға алғыс айтамын. Бұл энергетиканы дамытудың жаңа әдістерін пайдалануға мүмкіндік беретін тамаша платформа. Қытай көрмеге қатысатынын растаған елдердің алғашқылары болды. Қытайдың "Болашақтың энергиясы: Жасыл жібек жолы" тақырыбындағы экспозициясы EXPO көрмесіндегі ірі жобалардың бірі болып саналады. ҚХР - энергия көзін қайта жаңғырту саласындағы әлемдік көшбасшы. Сіздің 2020 жылға дейін осы салаға 360 миллиард доллар инвестициялау туралы шешіміңіз әлемдегі ең ірі ауқымды инвестициялардың бірі болмақшы", - деді Қазақстан Президенті.

Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев Қытайдың EXPO көрмесіне қатысуы мәдени және технологиялық байланыстардың дамуына зор үлесін тигізеді.

"Бүгін екі маңызды жобаны жүзеге асыруды бастадық. Ляньюньган портынан Түркия арқылы Орталық Азияға контейнерлік пойыздар жүре басталы. Қорғастан Қытайдың Ченду қаласына жол ашылды. Бұл екі елдің тиімді ынтымақтастық қарым-қатынасы Жібек жолы мен "Нұрлы жол" бағдарламаларының арқасында. 2020 жылға дейін контейнерлік тасымалдау көрсеткішін 2 миллионға дейін жеткізу жоспарда бар. Бұл екі елдің және бүкіл халықтың экономикалық жағынан дамуына әрі гүлденуіне көмектеседі", - деді Назарбаев.

Бүгінде контейнерлік пойыздар Ляньюньган портынан Орталық Азияға қарай және Қазақстан арқылы Ыстамбұлға жүре бастады. Алғашқы контейнерлік қызмет көрсету жүйесі Тильбург (Германия) - Ченду (Қытай) және Ташкент - Ченду бағыттары бойынша іске қосылған болатын. 

"Қазақстан Темiр Жолы" АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, мемлекет басшылары үшін ынтымақтастық бағдарламаларды жүзеге асырудағы басты кезең - қытайлық инвесторлардың "Қорғас - Шығыс қақпасы" жобасына қосылу кезі.

Ұлттық компанияның мәліметінше, қытайлық инвесторларды "Қорғас - Шығыс қақпасы" жобасына тарту арқылы COSCO Shipping компаниясының теңіз контейнерлерін құрлық арқылы Ляньюньган- Орталық Азия бағыты бойынша трансконтиненталды жолмен тасымалдау мүмкіндігі пайда болды.

Еске сала кетейік, 2017 жылдың 15 мамырында Мемлекет басшысы "Бір белдеу, бір жол" атты халықаралық ынтымақтастық форумға қатысқан болатын. Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин Нұрсұлтан Назарбаевтың сөйлеген сөзін жоғары бағалап, Қазақстанды трансқұрлықтық транзиттік тасымалдаудың "чемпионы" деп атады. "Жыл сайын Тынық мұхитынан Атлантикаға дейін жаңа әрі жылдам бағыттар игеріліп жатыр, оның арқасында Еуразияның өзіндегі сауда көлемі 2020 жылы 1,2 триллионнан асады деп болжанып отыр", - деген еді Елбасы.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети