13 наурыз 2015 13:26

Қазақстан президенті сайлауында қалай дауыс беру керек

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Тұрар Қазанғапов ©Тұрар Қазанғапов

Орталық сайлау комиссиясы 2015 жылдың 26 сәуірінде өтетін кезектен тыс президент сайлауында қалай дауыс беру керектігін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Орталық сайлау комиссиясы 2015 жылдың 26 сәуірінде өтетін кезектен тыс президент сайлауында қалай дауыс беру керектігін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ОСК мүшесі Татьяна Охлопкованың айтуынша, дауыс беруге сайлаушының тұрғылықты мекенжай бойынша сайлаушылар тізіміне алынуы негіз болады. 

"Егер маған сайлау өтетін 26 сәуір күні өзімнің тұрғылықты мекенжайымда болмайтыным, ол күні елдің басқа аймағында жүретінім белгілі болса, ондай кезде өзімнің уақытша жүрген жерімдегі әкімдікке жазбаша арыз жазып, сол аудандағы сайлаушылар тізіміне қосуды сұрауым керек. Әкімдік азаматты сайлаушылар тізіміне енгізіп, ол тіркелген аймаққа хабарласады да, ол жақтағы тізімнен алуды сұрайды. Арызды 2015 жылдың 26 наурызына дейін жазу қажет", - деді Охлопкова. 

Оның айтуынша, 10 сәуірден бастап, елдің барлық сайлау учаскесінде сайлаушылар тізімі ілінеді. "Осы сәттен бастап, сіздер қажет болған жағдайда өз учаскеңізден дауыс беру құқығын растау куәлігін ала аласыздар. Осы растау куәлігімен сайлау күні сізді елдің кез келген учскесінде сайлаушылар тізіміне қосып, бюллетень береді", - деді ОСК мүшесі.

Бұған қоса, үйден дауыс беру де қарастырылған. "Егер адам науқас болса, ол денсаулық жағдайына байланысты немесе ауыр науқасты күтетіндіктен сайлау учаскесіне келе алмайтын болса, сондай-ақ сайлау учаскесі жоқ жерде болса, ол сайлау учаскесіне үйден дауыс беруді ұйымдастыруды сұрап, өтініш жаза алады. Біз өтініштің үлгісін жасадық. Сондай кезде сіздің үйіңізге жылжымалы жәшік әкелінеді", - деді Охлопкова. 

Ол сайлаушылар үшін жеке куәлік немесе Қазақстан азаматының төлқұжаты, уақытша жеке куәлік немесе әскери билет негізгі құжат бола алатынын айтты. 

"Егер адам сайлау күні басқа елде болатын болса, онда бізде шетел мемлекеттеріндегі Қазақстан өкілдіктері жанында 65 сайлау учаскесі құрылған. Мұнда Қазақстан азаматы екенін растайтын құжат талап етіледі, сонда ғана сізді сайлаушылар тізіміне қосады", - деді Охлопкова. 

Еске салайық, Үкіметтің резервінен алдағы сайлауды қаржыландыруға 5 миллиард 414 миллион 211 мың теңге бөлінді. Бүгінде президент сайлауына түсуге барлығы 22 қазақстандық ниет білдірді.

Қазақстан президентінің кезектен тыс сайлауы 2015 жылдың 26 сәуірі күні өтеді. Қазіргі Президент Нұрсұлтан Назарбаев өзінің сайлауға қатысатынын мәлімдеді, ол 11 наурыз күні Орталық сайлау комиссиясына өтініш беріп, лингвистика комиссиясының емтиханынан өтті. Сонымен бірге, ҚКХП атынан үміткер Тұрғын Сыздықов, өзін-өзі ұсынушылар - Лимана Қойшиева мен Қанат Тұрагелдиевтер де емтиханды жақсы тапсырды. 2015 жылдың 15 наурызы күні сайлауалды науқанға ниет білдірушілерден өтініш қабылдау мерзімі аяқталады. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети